Атыраулық дзюдошы Асхат Тельманов Монғолияның астанасы Ұлан-батырда болған әлемдік гран-при жарысында қола медалға ие болды.
Жарысқа дейін 6 келі салмақ қосқан Асхат алғаш рет 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесімен айқас алаңына шықты. Бірінші жекпе-жекте-ақ ол Монғолия құрамасының өкілін юка арқылы жеңіп шықты. Екінші белдесуде ресейлік спортшыны ипонға құлатты. Үшіншіде словяндық спортшыдан тізе бүкті. Ал, қола үшін болған белдесуде монғолиялық тағы бір дзюдошыдан басым түсті.
Риодағы олипиада Асхатқа бұйырмады. Ол тиісті рейтингілік ұпайларын жинай алмады. Оның үстіне шілденің ортасында оны маңызды сынақ күтіп тұр – Түменде өтетін Гранд слам сериясы бойынша жарысқа қатысады. Спортшыны №1 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Талап Мұқанов жаттықтырады.