Атырау, 4 қазан 08:23
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Назарбаев Жаңаөзендегі төтенше жағдайды 2012 жылдың қаңтар айының аяғына дейін ұзартты

2 266 просмотра

АСТАНА, 4 қаңтар – Қазақстан жаңалықтары АА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды ұзарту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы

Қазақстан Республикасы «Төтенше жағдай туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 желтоқсанда № 197 Жарлығымен енгізілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының шекараларында төтенше жағдайдың қолданысы 2012 жылғы 31 қаңтардағы  7 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: "Қазақстан жаңалықтары"

4 қаңтар 2012, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.