Тоқты
2012 жыл тоқтылар үшін маңызды таңдау жасау жылы десе де болады. Себебі олар осы уақытқа дейін екі орта да сенделіп жүрді. Қай жолдың дұрыстығын анықтау оңайға соқпайды. Соңғы шешім қабылдамас бұрын анық-қанығына жетіп алған абзал. Қолайлы сәтті пайдаланып денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.
Жылдың екінші жартысында тоқтылардың қызметі жедел өсе бастайды. Айтарлықтай прогресс қыркүйек айында басталады. Егер сіз шығармашылық мамандықтың иесі болсаңыз айыңыз оңынан туды деп есептеңіз.
Тоқтылар жеке өмірін ретке келтіріп, рухани тепе-теңдік орнатады. Өткен жылмен салыстырғанда күш қайраты тасып, тосыннан болған оқиғаға салмақты баға беретін болады. Ал басы бос жандар өздерінің екінші жартысын кездестіреді. Алайда болашақта қарым-қатынастарыңыз қандай бағытта дамитыны тек өздеріне байланысты.
Торпақ
Торпақтарға болашаққа бағдар берерліктей бекем жоспар құрғаны абзал. Бұл сіз үшін басты ауыртатын басты мәселеге айналуы тиіс. Себебі жаңалыққа толы келер жыл сізден көп күш-қайрат талап етеді. Жауынгерлік рухыңызды жоғалтып алмаңыз. Барлығына үлгеруге тырысыңыз.
Бұл жылы қызметіңіз де өскелі тұр. Жұмысыңыз көбейіп, жауапкершілік артады. Мұндай жағдай желтоқсанға дейін жалғасады. Егер сіз дәл қазір жұмыс іздеп жүрсеңіз пысықтық танытыңыз. Сауда және қызмет көрсету саласында жетістікке жету мүмкіндігі басымырақ.
Жеке өміріңізге сабырлықпен қарау-ды үйренесіз. Екінші жартыңызды айтқызбай-ақ түсінетін боласыз. Мұндай өзгерістер отбасылық өміріңіздің жақсаруына септігін тигізеді. Айта кетерлік жайт, жұмысыңыздан гөрі жанұяңызға көбірек көңіл бөліңіз. Ал бойдақтарға айтарымыз уақытты босқа өткізіп алмаңыз. Тезірек шаңырақ көтеруге асығыңыздар. Таңдаған тазға ұрынар қағидасында ұмытпағайсыз.
Егіздер
Егіздер үшін бұл жыл – қай жағынан қарасаңда сәтті жыл. Кез келген жаңа бастамалар мен жобалар үшін қолайлы кезең. Егер де сіз өз өміріңізді іш пыстырарлық деп есептесеңіз, онда шешім қабылдап, келе жатқан жаңа жылды қызықты өткізу өз қолыңызда. Жаңа білім алу сіздің болашағыңызға жол сілтейді. Жеке өміріңізге көп көңіл бөліңіз. Өткен жылмен салыстырғанда жаңа жылда кәсіби біліктілігіңіз еш күш түсірмей-ақ арта түседі. Мұндай өрлеу кезеңі мамыр айында біліне бастайды.
Сіздің жеке өміріңіз үшін Жаңа жыл мол жаңалықтарымен келеді. Өткен жылға шешімін таппаған сұрақтар сол қалпында қала береді, бірақ олар сіз үшін маңыздылығы арта түседі. Барлығы сіздің орналасқан орныңызға, мекен-жайыңызға байланысты. Сіз осы 12 ай бойы махаббат әлегіне жолыға бересіз. Бірақ өткен жылда бастан кешкен жағдайлардан соң, бұл жолы сіз бәрінің шешімін оңай тауып, қарсылық көрсете аласыз. Белгілі бір жанның сүйіктісі болу сезімін бастан кешіре отырып, ұмытылмас қызықты кездерді бас-тан кешіресіз. Егер де қазіргі уақытта сүйген адамыңыз болса, одан сізге жетіспейтін қажетті нәрселерді талап етіп, оны орындатуға зор мүмкіндігіңіз бар. Ал қазір сүйіктіңіз болмаса, онда алдағы уақытта таза да, әрі нәзік сезімге толы сүйіктіңізбен кездесесіз. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл жылда қызықты танысулар молынан болады.
Шаян
Жыл жаңалыққа толы болады. Ал жыл соңында сіздің беделіңіз өзінің шарықтау шегіне жетеді. Сол кезде барлық жағдайды өз қалауыңызша ұршыққа иіретін боласыз дейді жұлдыздар.
Биік белестерді бағындырғыңыз келсе 2012 жылы да аянбай тер төгуге тура келеді. Жеткен жетістігіңіз өзіңізді де басшылықты да қуантады. Алайда көктемнің соңғы айында қиындықтар туындауы мүмкін. Ал тамыз және қыркү-йек айлары, жұмысын ауыстырғысы немесе карьерасын жаңадан бастағысы келгендерге өте қолайлы сәт болмақ.
Жұлдыздар шаяндарды махаббат майданында барынша қолдайды. Жұмсақ мінезіңіздің арқасында еш қиындықсыз бар арманыңызды жүзеге асыра аласыз. Құдай қосқан қосағыңызбен осы уақытқа дейін айта алмаған мәселелеріңізді де емін-еркін талқылай алатын боласыздар. Ал басы бос жандарға айтарымыз таңдау жасауда асығыс шешім қабылдамаңыз. Сізге жұмыс пен махаббаты бірге алып жүруге, әрі өзіңізге де көңіл бөлуге уақыт тауып үйренуге тура келеді.
Арыстан
Жұлдыздар арыстандарға жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. Күш қайратыңыз тасып, әрбір іс-әрекетіңіз оң бағасын алады. Сондай-ақ 2012 жыл үйреншікті өміріңізбен жаңа қызығушылықтарыңызды бірге алып жүруге мүмкіндік береді.
Үй шаруаңыз көп болғанымен қызметіңіз өседі. Бұл сіздің сауатты маман екеніңізді тағы бір дәлелдегендей болады. Әйтсе де әдеттегіден көбірек күш жұмсауыңыз мүмкін. «Еңбек түбі – береке» демекші, еңбегіңіз еленбей қалмайды. Бір жағынан кәсіби біліктілігіңіз артса, екінші жағынан сыйақы қуанышыңызды еселейді.
Жаңалық ашуға деген құштарлығыңыз жеке өміріңізге селкеу түсірмек. Бір-бірлеріңізді түсінбеушілік жиі орын алуы мүмкін. Барлығын жаңадан бастағыңыз келеді. Сондықтан тартынбай сүйіктіңізге ойыңызды ашып айтсаңыз, соңы жақсылыққа ұласады. Ал үйлі-баранды арыстандар барлық проблемаларды дер кезінде шешуі қажет. Бүгін бітіретін істі ертеңге қалдырмаңыздар.
Бикеш
Бикештер үшін 2012 жыл күрделі болады. Кейбір кездері тығырықтан шығудың өзі қиямет қайым іспетті көрінуі мүмкін. Сіздің белсенділігіңіз, болжап-болмайтын әрекетіңіз көпті таңғалдырады. Тіпті кейбіреулер сізге жала жабуы мүмкін. Абыржымаңыз, батыл әрі табанды әрекетіңіздің арқасында кінәсіз екеніңізді баршаға дәлелдей білесіз. Осы жылы сізге жаңа маңызды жобамен жұмыс істеуге ұсыныс түсуі мүмкін. Еш ойланбастан келісіңіз. Сіздің оған күш қайратыңыз жетеді.
2012жылы бикештер ерен еңбегінің жемісін жейтін болады. Осыған дейін атқарған ісіңіз ұжымның жұмысын бір жүйеге келтіреді. Жеткен жетістігіңіз алдымен өзіңізге және қоршаған ортаға байқалады.
Сіздің жеке өміріңіз біршама тұрақталады. Жақындарыңыздың кеңестері нәтижесін береді. Осы жылы көптеген адамдармен танысасыз. Бастапқы да жай қызығушылық болғанымен, кейіннен отбасын құруды ойланатын боласыз. Есіңізде болсын, кедергілер олардан өту үшін жасалған.
Таразы
Бұл жыл таразылар үшін жеңіл, әрі сәтті болмақ. Сіз айналаңыздағы болып жатқан жайттарды таразылай отырып, бұрынғыға қарағанда ұсақ-түйек нәрселерді уайымдай бермейсіз. Бостаңдықты жаныңыз сүйетіндіктен, бірінен соң бірі кезектесіп тұрған мүмкіндіктеріңізді жібермеңіз. Бұрынғы жылмен салыстырғанда, биыл әр уақытыңызды өз жөнімен пайдалана аласыз. Сондай-ақ таразылар жеке өмірлерін тез, әрі еш кедергісіз сәтті дамыта алады. Сізде көптеген жаңа танысулар болады.
Бұл жылы тіпті қоршаған ортаңыздың өзі сізден көмегін аямайды. Бір жерде тоқтап қалуды жаныңыз сүймейді, сондықтан да сіздің ішкі сезіміңіз сізді әрқашан алға сүйрейді. Таразыларда жолда кездескен қиындықтарға қарсы тұратындай күш жеткілікті түрде болады. Сіз тек мансапта үлкен табысқа ғана жетіп қоймайсыз, әріптестеріңіз де сіздің күшіңізді мойындайды.
Өткен жылғы белсенділігіңіздің арқасында Таразылар үшін Жаңа жыл жеке өмір әлемі алаңсыз, әрі тыныш болады. Егер сіздің батылдығыңыз жетсе, қасындағы сүйіктіңізбен бірлесіп бірге өмір сүруіңізге болады. Сіз өз сезіміңізді түйсіне отырып, өз әрекетіңізді таразылай аласыз. Бастысы көңіл-күйіңіз бен ішкі сезіміңізді тежемегеніңіз дұрыс. Жұлдыздар таразыларға қандай шешім қабылдаса да, тек жүрекпен ортақ бір мәмілеге келуіңізге кеңес береді.
Сарышаян
Сарышаяндар үшін 2012 жыл өзге-рістерге толы болмақ. Сіз жаңа кезеңге аяқ басқалы отырсыз. Сондықтан бір кездері күш қайратыңыз тасып жатса, енді бір жағдайда тым сабырлы боласыз. Айта кетерлік жайт алдағы жыл шындыққа тура қарай білетін, эмоциясын тізгіндей алатын сарышаяндар үшін айрықша сәтті болады.
Ескі жобаларыңызды да жандандыруыңызға болады. Бастысы дер кезінде әрекет ету. Олай болмаған жағдайда сіздің ұсынысыңыз заман талабынан қалып қояды. Ал 2012 жылдың екінші жартысы жұмыс іздегендер үшін таптырмайтын уақыт.
Махаббат майданында сарышаяндар жеңімпаз атанады десек қателеспейміз. Басы бос сарышаяндар дәл осы жылы нақ сүйерін табады. Әрине, сіз де күтпеген қолайсыз жағдайлар болуы мүмкін. Алайда оларсыз өмір қызық болмас. Тек сабырлық сақтап, жүрегіңізді тыңдай біліңіз. Барлық маңызды сұрақтардың жауабын әбден сүзгіден өткізіңіз. Ал үйлі-баранды сарышяндарды романтикаға толы әсерлі жыл күтіп тұр.
Мерген
Мергендерді қызықты саяхат күтіп тұр. Сондай-ақ олар қоғамдық өмірге белсенді араласатын болады. Маңызды шешімдерді жедел қабылдап, түйіткілді мәселелердің түйін әп-сәтте тарқатып жібереді. Айта кетерлік жайт идеяларыңызды жүзеге асыру үшін, онымен көбірек жұмыс істеңіз.
Қандай жағдай болмасын сіздің күш қайратыңыз, табысқа деген құштарлығыңыз барлығына да жетеді. Жылдың соңғы төрт айында еңбегіңіздің жемісін жейтін боласыз. Отбасылы мергендер құдай қосқан қосағына, балаларына барынша көңіл бөлуі тиіс. Оларға керек кезде қасынан табыла біліңіз. Ал бойдақтар өзгеріске құштар болады. Тіпті көңіл жарастырып жүрген адамдары болса да. Олар өздерінің қарым-қатынасын басқа бағытқа бұрғысы келеді. Жалпы айтарымыз махаббат майданында жеңіске жету тек өзіңізге байланысты.
Тауешкі
Осы жылы тауешкілер көптен күткен тепе-теңдікке қол жеткізеді. Өмірлері бір салаға түсіп, көңілдері жай табады. Тіпті, жыл соңына дейін өздерін бақытты сезінеді. Сондай-ақ олар рухани болмысын шабыттандыратын музасын кезіктіреді.
Тауешкінің шығармашылық мүмкіндігі әлемді төңкеріп жіберуге жетерліктей болады. Сондықтанда алға қойған мақсатыңызды айқындап алыңыз. Жұмыс барысында күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. Бұл орайда сіз өзіңіздің кайтпас қайсарлығыңызбен батырлығыңызды байқатасыз. Астролог мамандардың болжамы бойынша 2012 жыл ескі жобаларды қайта жаңғыртуға арналған.
Тауешкілер махаббатқа көбірек көңіл бөле бастайды. Бір жағынан романтикаға толы әсерлі жыл болса, бір жағынан жауапкершілігі мол болмақ. Сіздің өмірге деген көзқарасыңыз бір сәтте өзгереді. Кездейсоқтық жаңа адамдармен танысу, қарым-қатынас орнату барысында пайдалы болмақ. Өткен жылмен салыстырғанда жеке бюджетіңіз біршама тұрақтайды.
Суқұйғыш
Ойлап жүрген барлық жобалардың жүзеге асатын сәті туды. Өткен жылы шығындаған ынтаңыз бен жігеріңізді қайтадан қалпына келтіресіз. 2012 жыл көп адамдармен тіл табыса аласыз. Жаңа таныстықтар суқұйғыштар үшін келешекте сәтті одақ құруға көмектеседі. Егер сізге қызықты жобалар әкелсе, бас тарпаңыз. Үлкен құлшыныспен кез келген істі бастай беріңіз.
Суқұйғыштарды кәсібіне сәйкес өзгерістер болады. Сатурн сіздің белгіңізге шегі жоқ амал-тәсілдер мен бостаңдық сыйлайды. Суқұйғыштар 2012 жылдың басында-ақ өз әрекеттеріне жоспар құрып қояды. Ал жұмыс кезегіне келетін болсақ, суқұйғыштарға қорқудың түк те қажеті жоқ. Сіздің мақсатыңыз – жұмыстан рахат ала отырып, өз жоспарыңыздың жүзеге асуына көңіл бөлу. Бірақ та, астрологтар күдікті жобалардан бас тартуыңызға, тексерілмеген таныс емес адамдардың сөзіне сенбеуге кеңес береді.
Бұл жыл суқұйғыштар үшін махаббат әлемінде құштарлық сезімі серік болады. Жылдың басында-ақ сіз сүйіктіңізге деген сезіміңіздің артып бара жатқанын сезіңесіз. Сіздің өзіңізге деген сеніміңіз нығайып, әрекеттеріңіз-ге масаттана түсесіз. 2012 жыл сүйіктілері жоқ сұқұйғыштар үшін де қолайлы. Оларды көптеген жаңа танысулар мен кездесулер күтіп тұр.
Балықтар
Уақыт сіздер үшін жұмыс істейді. Сондықтанда оны қажетіңізге қалауыңызша қолданыңыз. Айтарлықтай өзгеріс-тер бола қоймайды. Үйреншікті әдет бойынша өміріңіз жалғаса береді. Тек махаббатқа келгенде мейірімді болғаныңыз абзал.
Балықтар үшін жұмыс жылдағыдан көп болады. Ал оны өз пайдаңызға асыру оңайға соқпайды. Жеті рет өлшеп бір рет кес демекші, еш пайдасы жоқ жұмысты өзіңізге ала бермеңіз. Сондай-ақ сізге жақсылық ойлайтындардың бәрі сіздің жақтастарыңыз емес. Абай болыңыз. Жалпы жыл бір сарында өтеді. Қызметіңізде көтеріле қоймайды.
Жалғыз басты балықтар адамдарды қаз қалпында қабылдап үйрену керек. Ойыңыздағы идеалды кездестірем деп жүргенде қартайып қаласыз. Ал отбасылық өмірдің дәмін татқандар құдай қосқан қосағына кешірімшіл болуы тиіс. Ешнәрсенің байыбына бармай жатып байбалам салуды доғарыңыз. Керісінше, тосыннан сый жасап, сүйіктіңіздің көңілін көтеруді ұмытпаңыз. Жалпы алдағы жыл махаббат мәселесін май шаммен қарауды талап етеді.
http://www.elgazeti.kz/?p=9606