Атырау, 8 мамыр 06:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Ордабасы» жеңіске жетті

2 004 просмотра

Футболдан ел чемпионатының 19-шы турында «Атырау» командасы Шымкентте «Ордабасымен» кездесті.

Біздің футболшыларымыз ойынды жақсы бастады. Ойынның 19-шы минутында «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Валерий КОРОБКИН бұрыштан доп соғып есеп ашты. Жерлестеріміз одан әрі де қымсына қойған жоқ бірнеше рет қауіпті деген шабуылдар жасады, алайда, өрескел ойыны үшін Павел ШАБАЛИННІҢ шеттетілуі бәрін бүлдірді. Бұл ойынның 33-ші минутында орын алды, ал енді «Атырау» ойыншыларына өздерінің аздаған басымдығын сақтап қалу қалды. Олар оған тырысып бақты, алайда, матч соңына таман, яғни, ойынның 86-шы минутында Гогита ГОГУА пенальтидан доп соғып, есепті теңестірді. Кейін іле-шала болған келесі шабуылда Еркебұлан ТҰҢҒЫШБАЕВ «Ордабасын» алға шығарды.

1:2 есебімен жеңіліп қалған біздің командамыз турнир кестесінде 6-шы орынды Қостанайдың «Тобылына» берді. «Атыраудың» бас бапкері Стойчо МЛАДЕНОВ үшін бұл командаға келгелі бергі алғашқы жеңілісі болды.

Марат ТАКУЛИН

4 шілде 2016, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.