Атырау, 3 мамыр 22:19
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Спорт жаңалықтары

2 368 просмотра

Күрес

Өскеменде 1996-98 ж.т. жастар арасында грек-рим күресінен ҚР чемпионаты өтті.

Біріншіліктің қола медалін №4 балалар мен спорт мектебінің жаттықтырушысы, 2005 жылғы ересектер арасында өткен әлем чемпионатының қатысушысы Валентин Теннің тәрбиеленушісі – Нүркен Дүйсенғалиев жеңіп алды.

***

Оралда 1997-99 ж.т. жастар арасында Қазақ КСР бірнеше дүркін чемпионы Н.Бирмановтың жүлдесі үшін еркін күрестен республикалық турнир болды.

Атырау облысы құрамасына екі алтын бұйырды: 86 келіге дейінгі салмақта Алмаз Ескендіров үздік болды, ал, 97 келіге дейінгі салмақта жеңіске мақаттық спортшы Ғалым Талғатов қол жеткізді. Спортшыларды Сембай Баймұратов және Азамат Айсағалиев жаттықтырады.

Спартакиадалар

В Атырауда түрлі спорт кешендерінде ауыр атлетикадан, шахматтан және дойбыдан ҚР білім беру үздігі Сейран Мазлумянды еске алу құрметіне арналған жарыстар өтті.

Сейран Амаякович Мазлумян жан-жақты, білікті тұлға болды, ол ауыр атлетика және интеллектуалды ойындар бойынша көптеген оқушыларды дайындады.

Зілтемір көтерушілер арасынан Олег Фофонов, Мұхамедияр Қуаныш, Никита Ефремов, Богдан Пустовалов, Батырбек Жұмабаев, Мейіржан Қарабалиев, Әміржан Қарабалиев, Әлішер Бағытов, Анастасия Бурова, Аман Сейнабиев, Арман Жұмажанов және Шолпан Анимовалар жеңімпаз деп танылды.

Шахмат бойынша жүлделі орындарға ардагерлер арасында - Аман Құмаров, Ахметжан Иманғалиев, Иван Ургарчев; ерлер арасында - Нұрбол Ғалымжанұлы, Құрманбай Әшетов, Әзидолла Хамиев; әйелдер арасында - Диляра Ғабитова, Ақдидар Бағыт, Жазира Боран ие болды.

Дойбыдан жарыс 40-тан асқан ардагерлер санаты бойынша ғана өтті. Жеңіске Нұрым Машанов, Ильяс Қалмурзиев және Берік Молдаш жетті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.