25 маусымда «Мұнайшы» стадионында «Атырау» мен «Шахтер» (Қарағанды) командаларының арасында футболдан ел чемпионатының 18-турының матчы өтті.
Бұл ойында Атырау жеңіске жетеді деп болжанған және қазақстандық букмекерлер де осындай ойда болған еді. Матч шынымен де, меймандар қақпасына үздіксіз шабуыл жасаған алаң иелерінің басымдылығымен өтті. «Шахтер» арасында енжар ғана қарсы шабуыл жасап отырды, ал «Атырауда» бірнеше жүз пайыздық мүмкіндіктер болды. Алайда қақпаға доп кірмеді.
Матчтың ең соңында шыдамсыз жанкүйерлер шығуға бет алғанда, «кеншілердің» айыппұл алаңында допқа қол тиген даулы сәт туындады. «Атырау» ойыншылары төрешіден пенальти талап еткенімен, оларынан ештеңе шықпады. Таблодағы нөлдер өзгермеді.
Финалдық ысқырықтан кейін меймандар нөлдік тең ойынға еурокубоктың жартылай финалында жеңіске жеткендей қатты қуанды. Матчтан кейінгі баспасөз конференциясында «Атыраудың» бас бапкері Стойчо МЛАДЕНОВ өз командасының сенімді ойынын атап өтіп, нәтижеге көңілі толмағанын айтты. «Атырау» 23 ұпаймен турнир кестесінде бұрынғыша 6-орында қалды.
Марат ТАКУЛИН
Суретті түсірген автор