Турнирлер
Еліміздің батыс аймағы бойынша Атырауда орналасқан жалғыз әйелдер колониясында (УГ-157/11 түзеу мекемесі) құқыққорғаушылар мен жазасын өтеп жатқан әйелдер арасында футбол және үстел теннисінен жарыс болып өтті.
Волейбол ойынында Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің командасы, Атырау адвокаттар алқасының командасы және жазасын өтеп жатқан әйелдерден құралған «Лидер» командасы өзара кездесті. Ойын нәтижесінде ҚАЖ департаменті командасы I орын, «Лидер» командасы II орын, Атырау адвокаттар алқасы командасы III орын иеленді.
Теннистен адвокат Саягүл АЙЫПҚЫЗЫ I орын, жазасын өтеуші Азиза МҰХИТОВА қарсыласы Саягүлден бір ұпай айырмашылықпен II орынды иеленді. III орынды ҚАЖ департаментінің қызметкері Заягүл ЖАНТІЛЕКОВА алды.
Жарысқа қатысушылардың барлығы медаль және дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, жазасын өтеушілер өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын келген командаларға табыстады.
Жазасын өтеушілер, сондай-ақ, колониядан спорт үйірмелері ашылса екен деген тілектерін жеткізді. «Бұл денсаулық үшін жақсы ғой. Тоқтап қалған уақыт та тез өтер еді», деді олар.
Фархат ӘБІЛОВ, АМУ-дың 2-курс студенті
***
Темір тордың аржағындағы жарыс
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/9 ерлер түзету мекемесінде жазасын өтеушілер мен құқыққорғау қызметкерлері арасында кіші футболдан және шахматтан спорттық жарыстар өткізілді.
Шара Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының және облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткізілді. Шараның салтанатты ашылуында Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат БЕКЕТ жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жазасын өтеп жатқандардың отбасымен тезірек қауышуын тіледі.
Шахмат сайысында «Атырау адвокаттар алқасы» командасы мен «УГ-157/9 мекемесінде жазасын өтеушілер» командасы өзара шебер ойын көрсетті. Нәтижесінде «Барыс» адвокаттық кеңсесінің директоры Талғат МҰҚАТАНОВ I орын, жазасын өтеушілер Ж.ҚУАНДЫҚОВ II орын, К.ВАЛИЕВ III орынды иеленді. Шахмат сайысына төрелік еткен «Мұнайшы» ДСК-нің шахматтан жаттықтырушысы Еркін ҮСЕНОВ ойыншылардың дайындығын жоғары бағалады.
Шахматтан ІІ орын жеңіп алған сотталушы Ж.Қуандықов:
- Шахматты бастауыш сыныптарда ойнағанмын. Одан бері ойнамаппын. Бірақ осы түзету мекемесіне түскеннен соң өз бетімше үйреніп алдым. Алдағы уақытта осындай көлемді шаралар жиі өтіп тұрса екен деймін.
Кіші аяқ доп жарысы тартысты өтті. Күннің ыстығына қарамастан барлық командалар үздік ойын көрсетті. Әсіресе, жазасын өтеушілер ерекше ойындарымен көзге түсті. Ойын соңында I орынды Атырау облыстық ІІД, II орынды жазасын өтеушілерден құралған «Тұлпар» командасы иеленсе, III орынды ҚАЖ департаментінің командасы місе тұтты.
Қатысушылардың барлығы мақтау қағазымен және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының арнайы медаль, кубоктарымен марапатталды.
Атырау облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Кемел ИМАНҒАЛИҰЛЫНЫҢ айтуынша, жаза өтеушілер арасында осындай турнирлерді жиі өткізу жоспарланып отыр.
Фархат ӘБІЛОВ, АМУ-дың 2-курс студенті
***
Спартакиадалар
Судоремонтик» стадионында облыстың медицина қызметкерлерінің арасында спартакиада болып өтті.
Шара барысында 500-ден астам адам волейбол, үстел теннисі, кіші аяқ добы, жеңіл атлетика, арқан тартыс ойындарынан бақ сынасты. Жалпы қорытынды есеп бойынша, Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы, Исатай аудандық орталық ауруханасы, №1 қалалық емхана командалары жеңіске жетті.
Марта ТӨЛЕГЕНОВА, АМУ-дың 2-курс студенті
***
Атырауда «Денсаулық фестивалі – 2016» акциясының ашылу салтанаты өткізілген болатын.
Осы акция негізінде «Денсаулық марафоны» болып өтті. Марафонға медицина қызметкерлері, зейнеткерлер, арнаулы оқу орындарының студенттері - барлығы 200 шақты адам қатысты.
Эстафетада әйелдер арасында 1-орынды облыстық аурухана қызметкері Самал ХАМЗИНА, 2-орынды облыстық перинаталдық орталық қызметкері Іңкәр ТАСҚАЙЫРОВА, 3-орынды №7 қалалық емхана қызметкері Баян ҚАБДРАХМАНОВА иеленді.
Ерлер арасындағы жүгіруден 1-орын №2 қалалық емхана қызметкері Бекжан ДОСЖАНҰЛЫНА, 2-орын облыстық наркологиялық диспансер қызметкері Роберт ШАЙХИЕВКЕ, 3-орын қалалық жедел-жәрдем бекетінің қызметкері Нұржан ҚАПИЗОЛЛАҒА берілді.
Назым ӘЛІПМҰРАТОВА, АМУ-дың 2-курс студенті
***
Спартакиадалар
Атырауда Батыс өңірі бойынша ҚР судьялар одағының VIII спартакиадасы аясында жарыс өткізілді.
Жарысқа футбол, волейбол, үлкен және үстел теннисі, дойбы, бильярд бойынша Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының судьялар командасы қатысты. Жарыс нәтижесінде Атырау облыстық соты 2-ші орынды жеңіп алды, бірінші орын Қызылорда облысынан келген әріптестерге бұйырды, ал, 3-ші орынды Батыс Қазақстан облысы иеленді.
***
«АМӨЗ» командасы Алматыдағы «Ақ бұлақ» стадионында өткен мұнайшылардың салалық спартакиадасында 3-ші орынды еншіледі.
Жеңімпаз атанған зауыттық спортшылар: Ирина Яшкова (үлкен теннис), Альбина Қуанышева (үстел теннисі), Герман Морозов (кір тасын көтеру), Анар Құмарова (дойбы), Болат Жұмабеков (тоғызқұмалак) «алтынды» иеленсе; «күміске» Гүлнұр Төлеуова (шахмат), Ильяс Қалмурзиев (дойбы); «қолаға» Айбек Қайралиев (үстел теннисі), Бақытжан Жәрдемов (үлкен теннис) және Анар Құмарова (тоғызқұмалақ) ие болды.
Ауыр атлетика
№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2000 ж.т. және одан да кіші жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан қалалық біріншілік өтті.
25 келіге дейінгі салмақта Олег Фофонов (жұлқа және серпе көтеру салмағы – 47 келі) жеңімпаз атанды. Олег 8 жаста, жақында ол 3-ші ересектер разрядының нормативтерін тапсырды. Олегті ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Игорь Миргамбаев жаттықтырады.
34 келіге дейінгі салмақта Қуаныш Маханбердиянов (42 кг), 38 келіге дейін Никита Ефремов (70 кг), 42 келіге дейін Игілік Беғалиев (47 кг), 46 келіге дейін Батырбек Жұмабаев (75 кг), 50 келіге дейін Мейіржан Қарабалиев (92 кг), 56 келіге дейін – Айсұлтан Имашев (97 кг), 69 келіге дейін – Фанис Ғалиев (105 кг), 77 келіге дейін – Ноғайбек Нұргелді (220 кг), 77 келіден жоғары – Аман Сейнабиев (115 кг) үздік деп танылды.
Спортшыларды жаттықтырушылар И. Миргамбаев, Тахир Халматов, Арман Убиев және Әлібек Баймұханов дайындады.
Күрес
«Жас Батыр» спорт кешенінде 2002-03 және 2004-05 ж.т. мектеп оқушылары арасында грек-рим күресінен ашық турнир өтті.
«Барыс» (директоры Р. Мусин) балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубының бастамасымен өткізілген бұл жарысқа Атырау қаласының жүзден аса оқушысы қатысты. Сұлтан Сұхпаберген, Дамир Әбдікаримов, Нұрхат Амануллин, Абдулла Құспанов, Ибрахим Хабиболла, Мұхаммед Сатур, Бержан Тағалламов, Абылай Капен, Арман Орынғалиев, Ринат Лимаров және Даулет Қалиевтер жеңімпаз атанды. Медальды балалар грек-рим күресінен 1996 жылғы Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченконың және таеквондодан 2008 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Арман Шылмановтың қолынан алды.
«Атырау» ФК футбол орталығының 2008 ж.т. тәрбиеленушілерінің командасы Таразда өткен республикалық турнирден қола медальмен оралды.
Команда 8 матч өткізді (5 рет жеңіп, 2 ұтылды, 1 тең ойын көрсетті). Қорғаушы Аманат Тоғайбай және қақпашы Жанболат Шадиар өз ойындары бойынша турнирде үздік деп танылды. Сондай-ақ, Ерхан Ертілеу (капитан), Дінмұхаммед Алмасұлы және тағы басқа ойыншылар өздерін көрсете білді. Жас футболшыларды Асқар Балашов жаттықтырады.
Дайындаған Мұрат Сұлтанғалиев
Сурет А.Балашовтікі.