Бүгін тете министр Өмірзақ ШӨКЕЕВ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының президенті Ләззат ҚИЫНОВ және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Алик АЙДАРБАЕВ Ақтауда ереуілге шыққан «ҚаражамбасМұнай» АҚ мұнайшыларымен кездесті.
Кездесу облыстық филармония залында өтті. Қаражамбастықтар өз талаптарын белсене ұсынып, тете премьер тарапына батыл пікірлер айтылды.
- Сіз бізге, Шөкеев мырза, жазда ереуілдің нағыз қызған шағында келдіңіз. Бәрін көрдіңіз, бірақ тіпті қол ұшын беруге де тырыспадыңыз. Ал қазір сіздің әлденені шешетініңізге қалай сенеміз? – деп сұрақ қойды «ҚаражамбасМұнай» АҚ мұнайшысыРасул АБДОЛЛАЕВ.
- Өткенді қозғай берудің қажеті жоқ. Президент бұл мәселеге нүкте қойды, бірнешеуін жұмыстан шығарды. Сіздерге тағы не керек? – деп жауап берді Ө. Шөкеев.
Ақырында ереуілге шығушылар бұрынғы ұстанымдарында қалды.
- Ереуілге шығушыларды жаппай жұмыстан шығару мәселесін анықтау үшін бізге комиссия құруды ұсынды. Бірақ біз ешқандай комиссиясыз өзіміздің бұрынғы жұмысымызды қайтаруды талап еттік. Еңбекақыға қатысты талаптарымыз да өз күшінде қалады. Егер тиесілі аудандық және аймақтық коэффициенттердің төленуіне қол жеткізер болсақ, еңбекақымыз көбейетін болады, - дейді ереуілшілер белсендісі Еркін ОЗҒАН.
Тете премьер Өмірзақ Шөкеев «АЖ» тілшісіне комиссия жұмысына қатысты комментарий берді: «Жаңаөзенде біз бұрын жұмыстан шығарылған мұнайшылар үшін «ӨзенМұнайГаз» ӨФ құрамынан жаңа бұрғылау басқармасын құруды ұсындық. Бұл жеке және біріккен кәсіпорын болмайды, жүз пайыздық «ҚМГ БӨ» АҚ еншілесі, жаңа технологиясы бар заманауи кәсіпорын болмақ. Әзірге жаңа басқарманың материалдық-техникалық базасы қаланады, біз адамдарды бұрғылауға қатысты жаңа мамандықтарға оқытамыз. Өтініштер беру үшін қабылдау орны іске қосылды. Кейбір жұмысшылар қызығушылық білдіріп, процесс басталып кетті. Жаңа кәсіпорын қазір өтініш бергендердің санына байланысты құрылмайтынын да түсіну керек: ӨМГ-ғы бұрғылау жұмыстары қалыс қалып жатыр.
Қаражамбасқа келер болсақ, бұл жерде басқа специфика. Мұнда бұрғылау басқармасын емес, көлік басқармасын құру керек. Өйткені жұмыстан шығарылған 900адамның500-і арнайы көлік жүргізушілері. Қалғандарын басқа бөлімшелер бойынша орналастыруға болады.
Олар өткеннің еншісінде қалған істі, әділетсіздікпен жұмыстан шығарылғандығы туралы мәселені көп көтереді. Барлық жұмыстан шығу оқиғаларын қарап шығатын шағын тексеру комиссиясын құрамыз. Әрине, бұл біршама уақыт алатын болар. Ал сол уақытта ереуілшілер жұмысқа орналастыру бойынша біздің жаңа ұсыныстарымызды қабыл ала ма, жоқ па - бұл олардың өз шаруалары».
Сәния ТОЙКЕН
Ақтаудан
Суреттерді түсірген автор