Атырау, 22 желтоқсан 15:10
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қайсар рухты Ұлан әлі-ақ алаңға оралады

3 369 просмотра

Футболдан Қытай құрамасымен өткен жолдастық матчта Қазақстан құрамасының жеңісіне деген жанкүйерлердің қуанышы су сепкендей басылды. Құраманың және «Атырау» ФК жетекші ойыншысы Ұлан ҚОНЫСБАЕВ едәуір зақым алды.

Қазақстандықтар 1:0 есебін жеңген еді, алайда осы матчта доп үшін тартыс кезінде біздің құраманың жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев оң жақ жіліншігін сындырып алды. Ауруы жанына батқан оны дереу «жедел жәрдеммен» ауруханаға алып кетті, ал Далянь қаласындағы Dalian Sports Center стадионы уақытша тыныштық құшағына енді. Зақым келтірген жартылай қорғаушы Жэнь Хан абыржыған күйде еді. Ақтық ысқырықтан кейін ол кешірім сұрап, Ұлан оны кешірер деп үміттенетінін айтты.

Кеше біз Ұланмен хабарласқан едік. Ол отаның сәтті аяқталғанын, өзін жақсы сезінетінін айтып сендірді. Әбден сауығып кететін уақытын Ұлан алдын ала болжағысы келмейді. Үш күннен кейін еліне оралып, ұзақ оңалту емдерін алуға кіріседі.

Футбол әлемі ауыр зақымнан кейін алаңға оралып, тіпті жаңа деңгейге көтерілген танымал футболшыларды жақсы біледі. Франческо Тотти, Алан Смит, Хаби Алонсо, Аарон Ремзи – бұлар толық тізім емес. Ұлан да алаңға жаңа күшпен келеді деп сенеміз. Өйткені, ол ерік-жігері мықты спортшы. Бұл әсіресе таяудағы «Атыраудың» «Ертіспен» болған ойынында көрінген еді. Ол кезде матчта ұтылып қалғанымен, сол күні оған қошемет білдірмеген ешкім қалмаған еді.

«Атырау» жанкүйерлері Ұлан Қонысбаевқа тезірек сауығып кетуді тілейді!

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор және Ұ.Қонысбаев жолдаған сурет

9 маусым 2016, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.