Өткен демалыс күндері «Атырау» ДСК-де 2008 жылғы Пекин олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шылмановтың жүлдесі үшін таеквондодан Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтті.
Турнирге Қазақстан, Украина, Тәжікстан және Өзбекстан құрамалары қатысты. Бұл жөнінде А.Шылманов былай деп әңгімелейді:
– Өткен жылы бұл турнир алғаш рет Алматыда өткізілді. Атырау облыстық таеквондо федерациясы келесі турнирді бізде өткізу үшін өтініш берген болатын. Өткен жылдың желтоқсан айында біздің қаламызға Бүкіләлемдік таеквондо (WTF) федерациясының комиссиясы келіп, турнир өткізуге келісім берді. Жекпе-жекте шамамен 200 спортшы бақ сынады. Олардың тізімінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері Смаил ДҮЙСЕБАЙ және Лондон олимпиадасына қатысушы тәжікстандық Фарход НЕГМАТОВ бар. Өкінішке қарай біз шақырған көптеген ең мықты деген әлемдік таеквондошылар келе алмады, олардың көпшілігі Риода өтетін олимпиадаға қатысуды көздеп отыр. Дегенмен де Kazakhstan Open турнирі бұл Атырауға көрсетілген үлкен сенім және атыраулық спортшылар үшін өздерін көрсетуге берілген керемет мүмкіндік.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеке есепте медальдарымен қоса Шылмановтың қолынан швейцариялық сағат алды. Ал, командалық жарыстың жүлдегерлерінің үштігі медальдар алды және сәйкесінше 500, 300 және 200 мың теңге сыйақы алды. Бұдан басқа 80 келіден жоғары салмақта жеңіске жеткен жеңімпазға арнайы жүлде - «Лада Гранта» автокөлігі тігілді.
Жеке есепте жүлделі орындарға ерлер арасынан: 58 келіге дейінгі салмақ бойынша – Елдос Ысқақ (Тараз), Нұрдәулет Асханов (Астана), Әлихан Сейітов (Атырау) және Қазыбек Бахтиярұлы (ОҚО);
68 келіге дейінгі салмақта – Абдусамат Лес (ОҚО), Давламурод Каримов (Тәжікстан), Әлихан Саймағамбетов (Ақтөбе) және Бауыржан Жақсылық (Астана);
80 келіге дейінгі салмақта – Нұрлан Мырзабаев (ОҚО), Бағдат Әбдірахман (Қызылорда), Асхат Қалымбетұлы (Ақмола) және Нұрсұлтан Жедібаев (Атырау);
80 келіден жоғары салмақ бойынша – Фарход Негматов (Тәжікстан), Әзизбек Қалжанов (Алматы), Үмбет Шакиев (Атырау), Саламат Құрбаниязов (Алматы) ие болды.
Әйелдер арасынан: 49 келіге дейінгі салмақта – Жазира Сапарбек (Қызылорда), Анаргүл Сабыр (Павлодар), Нүрила Убайдуллаева (ОҚО), Айдана Еділбаева (Атырау);
57 келіге дейінгі салмақ бойынша – Маржан Телепбергенова (Астана), Перизат Жұбанова (Қызылорда), Арайлым Оразақова (Атырау) және Диана Ғазизова (БҚО);
67 келіге дейінгі салмақта – Гания Альзак (ОҚО), Жұлдыз Бүркітова және Майра Сүйенбекова (екеуі де Атыраудан);
67 келіден жоғары салмақта – Ұзақбаева Динара, Елубай Айгүл (екеуі де Атыраудан) және Меруерт Көпболсынова (Қызылорда) жеңіске жетті.
Юниор ұлдар: 48 келіге дейінгі салмақ бойынша – Самат Темірхан (ОҚО), Димат Жұмабек (Қаскелең), Ернар Бейбіт және Дәурен Жұмағалиев (екеуі де БҚО);
55 келіге дейінгі салмақта – Олжас Ержанов (Қаскелең), Аманжан Нұрсұлтан (Атырау), Абылайхан Амангельдиев (Ақтау), Алмат Қожахмет (ОҚО);
63 келіге дейінгі салмақта – Донес Сыдықов (Қызылорда), Аққалбек Тағабергенов (Қаскелең), Мақсат Қаби (ШҚО), Мухамадхасан Шохмахмадов (Тәжікстан);
73 келіге дейінгі салмақ бойынша – Мирас Қабыл (Ақтау), Авлие Саидов (Тәжікстан), Мерген Ғайниев (Атырау), Наим Сафодов (Тәжікстан);
73 келіден жоғары салмақта – Бауыржан Хасенов (Қаскелең), Юлдашбек Сұлтанмұратов (ОҚО), Қайыржан Жолжанов және Рамазан Зұлқашев (екеуі де Атыраудан) жүлдегер атанса,
юниор қыздар арасынан: 44 келіге дейінгі салмақ бойынша – Айдана Еділбаева (Атырау), Аяужан Әлиқызы (ОҚО), Жансая Айтуарова (Атырау), Карима Берікбаева (Ақтау);
49 келіге дейінгі салмақта – Әйгерім Мұхамеджанова (ШҚО), Диляра Керимова, Әсемгүл Қожыкова (екеуі де Атыраудан), Феруза Асылбек (Ақтау);
55 келіге дейінгі салмақта – Аружан Жанәділова (Тараз), Дильназ Рапихова (ШҚО), Анажан Исатаева (Атырау), Муниса Исматова (Тәжікстан);
63 келіге дейінгі салмақта – Арайлым Оразақова, Ақниет Қабдулина (екеуі де Атырау), Сымбат Хожамұратова (Қаскелең), Варвара Пальчик (Украина);
63 келіден жоғары салмақта – Әйгерім Қажымова (БҚО), Майра Сүйенбекова, Айша Серікова және Айза Өтегенова (үшеуі де Атыраудан) марапатқа ие болды.
Командалық К5 жарысында Оңтүстік Қазақстан облысы жеңімпаз деп танылса, екінші орында Атырау, үшінші орын Астанаға бұйырды. Атырау командасының құрамында спортшылармен қатар жаттықтырушылар Руслан АМАНҒАЛИЕВ және Дастан ҚОЖЫРОВТАРДЫҢ болғанын айта кету керек.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН