Біздің алдыңғы жылғы жарияланымымыздың кейіпкері, өзінің ерік-жігерімен және өмірге деген құштарлығымен оқырмандар жүрегін жаулаған Ержан СӘЛІМГЕРЕЕВ бізді тағы да таңқалдырды. Естеріңізге салсақ, ол бала күнінде оқыс жағдайға тап болып, бір қолы мен бір аяғынан айырылған болатын. Алайда, ол толыққанды өмір сүріп, сонымен қатар, спортта да жеңістерді бағындырсам деген сенімін жоғалтқан жоқ. Осы сөзінің дәлелі ретінде жақында жүзуден өткен параолимпиадашы спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында Ержан үшдүркін чемпион атанып, бірден үш рекорд орнатты.
- Біздің алғашқы кездесуімізде сен Таразда өткен алғашқы чемпионатта қобалжу болып, дистанциядан екі рет шығып қалғаныңды айтқан болатынсың. Осы жолы бәрі ойдағыдай өтті.
- Ол жарыс мен үшін үлкен тәжірибе болды. Бұл жолы менің дайындағым әлдеқайда жақсы болды. Чемпионат тағы да Таразда өтті. Мен онда чемпионатқа екі апта бұрын келдім. Біздің су спорты түрлері бойынша клубымыз мені барынша дайындалуға жағдай жасап, жергілікті оқу-жаттықтыру базасына жіберді. Барлық қатысушылар өз жаттықтырушыларымен келді. Ал, менің онда бір өзімнің баруым керек болды және жеке дайындалдым. Олардың барлығы мені сыртымнан бақылап жүрді. Ал мен бассейннен шықпай, үнемі өз нәтижелерімді жақсартуға тырыстым. Бірде Астанадан келген жаттықтырушы маған келіп, былай деді: «Сен мұнда неге келдің? Таңқалдыру үшін бе?». Мен расымен де таңқалдырдым. Алғашқы жарыс күнінде жүз метрде бір минут он жеті секундта жүзіп шықтым. Еркін стилдегі
- Үйдегілер не деді?
- Әрине, ата-анам өте қуанышты болды. Әсіресе, әкем. Ол да жас кезінде спортпен айналасқан, бірақ кәсіби түрде емес. Бірде ол өте маңызды жарысқа қатысуы керек болатын, бірақ пойызға кешігіп қалды. Сол келеңсіз жағдайдан кейін оның спорттық мансабы құлдырады. Енді ол маған: «Жарайсың, ұлым! Мен талпынып, бағындыра алмаған шыңдарды бағындыру үстіндесің», - деді. Бұл сөз мені қанаттандырады. Мен әрі қарай жұмыстанатын боламын.
- Спорттық мансабыңда ендігі кезекте алға қойған мақсаттарың қандай?
- Бүгінгі таңдағы менің басты мақсатым - Рио-де-Жанейрода өтетін Параолимпиадалық ойындарға қатысу.
Айтпақшы, Ержан Тараздан үйіне күні кеше оралған еді, енді қайтадан жолға шықпақшы. Бұл жолы жүзуден өтетін Германия Кубогіне қатыспақ. Сәттілік тілейміз!
P.S. Алдыңғы әңгімемізде де, осы әңгімемізде де Ержан ештеңе сұрамады. Өз ойымды айта кетейін, әрине, оны су түрлері бойынша клуб та, облыстық спорт басқармасы да қолдайды, дегенмен де... Жүзуге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу мен жарысқа дайындық - шығынды көп қажет ететін шаруа. Бәлкім, атыраулықтардың арасында осындай ерекше жан әрі спортшыны қолдаушылар табылып қалар.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суреттерді түсірген автор