Атырау, 1 мамыр 04:40
 бұлттыВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Тобылды» жеңіп оралды

2 037 просмотра

Қостанайда футболдан жергілікті «Тобылмен» «Атырау» командасы арасында ел чемпионатының 12-ші турының матчы өтті.

Ойынның 9-шы минутында «Атыраудың» қорғаушысы Александр ДАМЧЕВСКИДІҢ алыстан соғылған добы есепті ашып берді. Ал, 69-минутта алаң иелері ұттырғандарын қайтып ұтып алды - Нұрбол ЖҰМАСҚАЛИЕВТЫҢ есебіне бір гол жазылды. Алайда «Тобылға» есепті тең етіп ұстауға мүмкіндік болмады: ойынның 83-ші минутында «Атырау» командасының ойыншысы Александр МАКАСЬ біздің команданы жеңіске жеткізген голын салып, есепті 2:1 етті және бұл ақтық мәре ысқырығы шалынғанға дейін сақталды. Бұл командадан Владимир НИКИТЕНКО кеткеннен кейінгі «Атыраудың» екінші жеңісі екенін атап өткеніміз жөн. Бас бапкердің міндетін Юрий КОНЬКОВ атқарып жүр. Команда турнирлік кестенің 7-ші сатысына көтерілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
23 мамыр 2016, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.