Атырау, 29 наурыз 03:24
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 996 просмотра

Дойбы

«Мұнайшы» кешенінде мектеп оқушылары мен ардагерлер арасында дойбыдан фестиваль өтті.

Міне, жүлдегерлердің тізімі (1-ші және 3-ші орындар): 8-9 жас (қыздар) - Эльмира Жұмалиева, Жанель Әдиет, Сабина Дүйсеева; 10-11 жас (қыздар) - Камила Әминова, Адина Әбилова, Нурикамал Ұзақбай; 8-9 жас (ұлдар) - Қалыбек Кенжеғали, Ерназ Шубаков, Темірлан Сырым; 10-11 жас (ұлдар) - Асланбек Аманғалиев, Әлихан Қадим, Рустем Аманжол; абсолюттік біріншілік (ұлдар) - Ерзат Кенжеғали, ағайынды Бекарыс және Алтынбек Жұмалиевтер; (қыздар) - Данагүл Жұмалиева, Әйгерім Бахытова, Гүлдана Ермекова; ардагерлер - Берік Молдашев, Қуаныш Айдыналиев, Жұпар Сарсекенова.

***

Қазақ күресі

«Нұрсая» ДСК-нде қазақ күресі бойынша дәстүрлі «Атырау барысы» облыстық іріктеу турнирі өтті.

Жарыс абсолюттік салмақ дәрежесі – 90 келіден жоғары салмақ бойынша өтті, оған Атырау қаласы мен аудандарынан 12 палуан қатысты. Жүлделі орын иеленгендерге қомақты жүлделер берілді: 1-ші орын – алтын белдік және тоңазытқыш, 2-ші орын теледидар, 3-ші орын (екеу) – ноутбуктер.

Ақтық жекпе-жекте турнирдің бірнеше дүркін жеңімпаздары Сұңғат Закарияев пен Кенжебек Күзембаев кездесті. «Атырау барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Закарияев шеберлігін танытып, тағы да жеңімпаз атанды. Үшінші орынды Қызылқоғадан келген Наурызбек Өтеуов және Исатай ауданынан келген Ерлан Нұрланов жеңіп алды.

12 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.