Атырау, 21 мамыр 14:56
 ашықВ Атырау +18
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

«Бейбарыс» командасының бапкері А. Истомин: «Команда бірінші матчқа үш сағат қалғанда жасақталды»

Сурет
2 323 просмотра

20 сәуірде Атыраудың «Бейбарыс» командасы хоккейден ел чемпионатының плей-офф финалдық серияларының жетінші матчында жеңіске жетіп, ҚР үш дүркін чемпионы атанды. Біз команданың бас бапкері Александр ИСТОМИНМЕН (суретте) әңгімелестік.

«БАПКЕРЛІК ШТАБТАҒЫ ӘРІПТЕСТЕРІМЕ РАХМЕТ»

- Қол жеткізген табыстарыңызды атап өтсеңіз?

- Облыс басшылығының сеніміне, жанкүйерлердің және оған қоса бапкерлік штабтағы мүдделес адамдардың қолдауына ие болдық.

- Өзіңіздің көмекшілеріңіз туралы не айтар едіңіз?

- Олар команданың жоғары дәрежеге жетуіне көмектескен мүдделес-әріптестерге айналды. Владимир Клинга мен Олег Болякин үлкен бапкерлік тәжірибеге қол жеткізсе, Артем Аргоков үшін бұл маусым бапкер ретіндегі алғашқы қадамы болды. Оның жаңа лауазымдық қызметін табысты атқарып жатқаны мені қуантып тастады.

Image 0"АЖ" анықтамасы: Александр Анатольевич Истомин, 52 жаста, жоғары кәсіби санаттағы бапкер, 2009 жылы Атырауға ресейдің Серов қаласынан өз командасының ойыншыларымен бірге келді. Ол құрған облыстық «Бейбарыс» командасы Қазақстан чемпионатының үш рет (2011, 2012 және 2016 жж.) чемпионы және күміс жүлдегері (2010, 2013 жж.) атанды.

- Олар қалай көмектесті?

- Олар өздерінің хоккейді жоғары кәсіби тұрғыда жүргізе алатындығымен көмектесті. Олардың бұл саланы білетіндіктері команда үшін пайдалы болды. Әрине, ақырғы шешімді мен қабылдаймын, бірақ оның алдында көмекшілердің пікірлері қарастырылады.

- Олардың қызметі «Бейбарысқа» қымбатқа түсті ме?

- Бәрі де бюджет аясында.

- «Бейбарыс» үшін маусымдағы ең ауыр сәт қандай еді?

- Бұл маусым аралығында болды. Біздің бапкерлік штаб команданы тек Қазақстан кубогінде ғана нақты түрде жинап алар еді.

- Сонда сіздер команданы аяқ астынан командасыз қалған ойыншылардан жасақтаған болып шығасыздар ма?

- Командасыз қалған және кубок басталар алдында Көкшетауға қарауға келгендерді де алдық. Ереже бойынша команда жиынға 1 шілдеде кетуі тиіс еді, ал, бізде ол 22 тамызда бірінші матчқа үш сағат қалғанда жинақталды.

- Қазақстан чемпионатының өз алаңымызда өткен бірінші ойынында жаңа команда таныстырылды, ойыншылардың фотосуреттері бар буклеттер таратылды. Алайда олардың бір бөлігін жанкүйерлер мұз үстінде көре алған жоқ. Чемпионат барысында команда құрамы қаншалықты өзгерді?

- Команданы жасақтау маусым кезінде жүргізілді. Жаңа ойыншылар да таңдалды, біреулерін іс барысында лайықты көрмедік және олармен қош айтысуға тура келді. Құрам көп өзгере қойған жоқ. Мұндай «өндірістік» сәттер кез келген командада орын алып жатады.

«ЖОЛДАН КЕЛЕ САЛА ОЙНАЙТЫНБЫЗ»

- Қараша айында командада тұрақты чемпионаттың 14 матчтан тұратын орасан кестесі болды. Бұның нәтижеге әсері қалай болды?

- Иә, шынында да өте ауыр кесте болды... «Бейбарыстың» ең алыстағы команда екендігін ескерсек, ойын арасындағы үзіліс екі күн, кейде тіпті, жолдан келе сала ойнауға тура келетін кездер де болды. Біз үшін жақсы тексеріс болды және команда оны еңсере білді. Нәтижесінде біз 12 матчты жеңдік, біреуінен негізгі уақытта, енді біреуінен буллит бойынша жеңілдік.

- «Бейбарыс» – чемпион! Клуб барынша мықты деңгейге жетті, енді команданы қаржыландыру көлемі артуы тиіс пе?

- Иә, клуб өзінің дербестігін дәлелдеді. Өз алдыңа үлкен міндеттер қоймай жұмыс істеудің еш маңызы жоқ. Алдағы маусымдарда біз Еуропаның құрлықтық кубогі үшін ойнайтын боламыз. Әрине, сонда сәттілікке қол жеткізсек деп ойлаймын. Қаржыландыру мәселесімен хоккей клубының басшылары айналысатын болады.

- Чемпиондық құрамада кімдермен жұмысты жалғастыратындығыңызды, кімдермен қоштасатындығыңызды шештіңіз бе?

- Иә, командадан ойыншылардың бір тобы кетті. Ал, қалғандарымен келесі маусымға келісім бар.

- Осыдан сегіз жыл бұрын Атырауға келген және алғашқы медальдарына ие болған құрамадан кімдер қалды?

- Александр Зубков, Евгений Дерябин және Максим Шарифьянов.

12 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.