Атырау, 21 мамыр 18:17
 ашықВ Атырау +13
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

«Қамал» спорт клубы ашылды

3 259 просмотра

9 мамыр күні «Шалқыма» сауда үйінің маңынан «Қамал» спорт клубының ашылу салтанаты өтті.

Бұл спорт клубты халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Ғафур ҚАМАЛОВ өз қаражатына ашты. Клубқа әзірге 15 жастан жоғары жасөспірімдер қабылданады, алдағы уақытта жасы кіші балаларды да қабылдау жоспарланып отыр. Жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін жаттығулар тегін өтеді.

Спорт-клубтың ашылу салтанатына Алматыдан муай-тайдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Смет УСЕНОВ, тайбокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, Азия және Еуропа чемпионы Алмаз САҚАЕВ, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, тай бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия және Еуропа чемпионы Нұртай ЕСБОСЫНОВ келді.

- Спорт клубын ашу туралы ой осыдан көп жыл бұрын үлкен спортты қойып, жаттықтырушылықпен айналысуға кіріскенде келген еді, - дейді Ғ.Қамалов. – Бұрын өзіміздің орынжайымыз болған жоқ, оны ашу қазір ғана мүмкін болып отыр. Әзірге балаларды өзім жаттықтырамын. Қазір Смет Усеновпен келіссөздер жүргізілуде. Ол талай Азия, Еуропа, әлем чемпиондарын тәрбиелеп шығарған жоғары дәрежелі жаттықтырушы.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

12 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.