Атырау, 22 мамыр 02:36
 ашықВ Атырау +23
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

​Облыстық спорт басқармасында жаңа басшы

3 049 просмотра

Атырау облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының жаңа бастығы болып Азамат БЕКЕТ тағайындалды.

Түйіндемеге қарағанда, 33 жастағы Бекеттің өзі де спорт алаңында, дәлірек айтқанда, рингте біраз жетістіктерге жеткен. Ол бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР құрамасында көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған, ТМД достық әскері спартакиадасының чемпионы, Орталық Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Қазақ гуманитарлық-заң университеті мен Экономика және құқық академиясын тәмамдаған. 2004-2013 жылдары Астана, Алматы, Батыс Қазақстан мен Алматы облыстарының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменттерінде (қаржы полициясы) жұмыс жасаған. Соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасына басшылық еткен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 мамыр 2016, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.