«Ивановец» маркасындағы автокран бұрынғы химзауыт маңындағы Жылы каналға құлады. Каналға салынған көпір жабынының ескі плиталары өтіп бара жатқан көптонналы техниканың салмағын көтере алмаған сияқты.
«АЖ»-ға қалалық ТЖ департаментінің бастығы Михаил ХАГАЙ былай деп хабарлады:
– Оқиға туралы дабыл ТЖД пультіне ІІД қызметкерлерінен сағат 09.25-те келіп түсті. Автокранның түскен жерін құтқарушылар тексеріп шықты – каналдан жүргізушінің денесі табылмады. Бұл жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған деп болжауға негіз болады. Көлік нөміріне сүйенсек, автокран жеке компанияға тиесілі, қазір оның қай компанияға тиесілі екені анықталуда.
Бір қызығы, Жылы және Салқын каналдар арқылы салынған көпірлерде 6 тоннадан артық салмақтағы автокөліктің өтуіне тыйым салынған белгі, сондай-ақ УГ 157/9 түзету мекемесінің қызметкерлері орнатқан опырылуы мүмкін екендігі туралы ескерту маңдайшасы тұр. Ал «Иванец» маркалы автокранның салмағы - 25 тонна.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор