Атырау, 26 қыркүйек 11:35
 дождьВ Атырау +19.2
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

«Бейбарыс» бапкері Истомин: «Мен жігіттерді мақтан тұтамын»

Сурет Бейнежазба
2 309 рет қаралды

22 сәуір күні таңертең «Бейбарыс» хоккей клубының жанкүйерлері Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған сүйікті командаларын қарсы алды.

– Бұл жеңіс біз үшін оңайға соқпады, - деді журналистерге «Бейбарыс» командасының бас бапкері Александр ИСТОМИН. – Сірә, бұл мен үшін бүгінгі күннің ең қымбат алтыны болды. Өздеріңіз қараңыздар, команда бар-жоғы 22 тамызда ғана құрылды. Осынша қысқа мерзімде мынадай жетістікке жету оңай емес. Мен жігіттерді мақтан тұтамын. Олардың бұл жеңісі - өздері үшін ғана емес, айталық олардың жеке жеңістері емес, Атырау қаласы үшін, осы уақыт ішінде қолдау көрсеткен жанкүйерлеріміздің жеңісі.

– Алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Одан әрі жұмыс істеу.

– Жаңа маусымда жанкүйерлер қазіргі команданың чемпиондық құрамын көре ала ма?

– Қазір айту қиын. Әңгімелесеміз, бұл мәселені әлі де қарастыратын боламыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор





22 сәуір 2016, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.