Атырау, 10 қазан 19:27
 ашықВ Атырау +11
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

«Бейбарыс» ХК – ел чемпионы!

2 396 просмотра

Бүгін, 20 сәуірде, Көкшетауда жергілікті «Арлан» және атыраулық «Бейбарыс» командалары арасында хоккейден ел чемпионатының финалдық сериясының шешуші жетінші матчы өтті.

Естеріңізге салсақ, Атырауда өткен алдыңғы матч 2:0 есебімен «арландардың» пайдасына шешіліп, сериядағы есеп 3:3 болып, теңескен еді. Шешуші матчта есепті «Арлан» ойыншысы Александр НУРЕК ашты. Екі кезеңде атыраулық хоккейшілер ойын тізгінін қолға алып, екі гол соқты (Андрей СПИРИДОНОВ пен Александр ЗУБКОВ). Финалдық ысқырыққа бір минут қалғанда алаң иелері қақпашыны алаң ойыншысына ауыстырып, шабуылға көшті. Алайда бос тұрған қақпаға үшінші гол жіберіп алды. Максим ШАРИФЬЯНОВ көзге түсіп, есепті еселеді - 3:1. «Бейбарыс» – чемпион!

Бұған дейін командамыз екі рет – 2011 және 2012 жылдарда үздік атанған еді. Сол кезде де, қазір де команданы Александр ИСТОМИН жаттықтырды. Серияның соңғы секундына дейін текетіреске толы ойын көрсетіп, жанкүйерді әдемі ойындарымен қуантқан екі командаға да алғысымыз шексіз

По словам пресс-секретаря ХК «Бейбарыс» ХК баспасөз хатшысы Анастасия БАБУШКИНАНЫҢ айтуынша, чемпиондар Атырауға 22 сәуір күні сағат 9-да ұшып келеді. Әрине, күтіп аламыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 сәуір 2016, 21:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.