Атырау, 10 қазан 19:20
 ашықВ Атырау +11
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Чемпион 20 сәуірде анықталады

1 613 просмотра

17 сәуірде Атырауда «Бейбарыс» және «Арлан» (Көкшетау) командалары арасында хоккейден ел чемпионатының плей-оф финалдық сериясының алтыншы матчы өтті. Сол күні біздің команда жеңіске жеткен жағдайда чемпион атанар еді, алайда бәрі басқаша болды...

Кездесу тартысты өтті, бірақ ешкімге шайба салуға мүмкіндік болмады. Финалдық ысқырыққа 5 минут қалғанда қонақтар есепті 1:0 етті. Матчтың ең соңында «Бейбарыстың» бас бапкері Александр ИСТОМИН тәуекелге бел байлап қақпашыны алаң ойыншысына ауыстырды. Нәтижесінде «Арлан» бос қақпаға екінші шайбаны салды.

Матчтан кейінгі болған баспасөз конференциясында «Арлан» командасының бас бапкері Виктор БОГАТЫРЁВ қуанышын жасырмады:

- Ойын тартысты өтті деуге болады. Енді барлығы соңғы жетінші матчта шешіледі, бір жақсысы ойын өзімізде өтеді.

А.Истомин:

- Тең ойын болды. Біз қателік жіберіп алдық. Жанкүйерлерімізге үлкен алғыс, олар бүгін ерекше қолдау көрсетті. Бүгінгі жеңілісіміз үшін бізді аса сөге көрмесін...

Сонымен, серия ойынындағы есеп 3:3 болып теңесті. Шешуші матч 20 сәуірде Көкшетауда болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА
18 сәуір 2016, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.