Атырау, 26 қыркүйек 12:29
 дождьВ Атырау +19.2
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Жансел Риоға барады

2 202 рет қаралды

Атырау облысының намысын қорғайтын қазақстандық спортшы Жансел ДЕНИЗ 67 келіге дейінгі салмақта таеквондодан олимпиадалық лицензияны жеңіп алды.

Бұл туралы облыстық таеквондо федерациясының президенті Арман ТОҒАЕВ хабарлады:

- Филиппин астанасы Манилада өткен лицензиялық турнирде Жансел финалға шығып, осылайша автоматты түрде Бразилияда өтетін Олимпиадада бақ сынауға құқық алды.

Ширек финалда Жансел Пәкістан өкілін 18:0 есебімен жеңді. Содан кейін қосымша раундта веьетнамдық спортшыдан басым түсті. Финалда өзбекстандық бәсекелесімен күш сынасады. Алайда Жансел мақсатына қол жеткізді – ол Риоға барады.

Оны сайысқа 2008 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Арман ШЫЛМАНОВ дайындады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет А.Тоғаевтікі
18 сәуір 2016, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.