Атырау, 20 қаңтар 09:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 509.63
€ 592.34
₽ 6.54

Бейбарыс финалдық серияда үшінші жеңіске қол жеткізді

1 810 рет қаралды

13 сәуірде Көкшетауда өткен ақтық серияның бесінші матчының үздігі Алексей АНЦИФЕРОВ болды. Ол «Арлан» командасының қақпасына ойынның 18 минутында гол салды және матч аяқталғанға дейін есеп өзгермеді, 1:0 есеппен «Бейбарыс» пайдасына шешілді.

Ойын сериясындағы жалпы есеп 3:2 болды. Бұл есеп Атырау хоккей командасының пайдасына шешілгенімен енді олар еліміз чемпионатының алтын медалін жеңіп алу үшін тағы бір жеңіске қол жеткізуі тиіс.

Келесі матч Атырауда 17 сәуір күні сағат 17-де басталмақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 сәуір 2016, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.