Атырау, 6 мамыр 19:28
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Экс-полицейдің ісі: Бірінші отырыс

3 412 просмотра

28 наурызда Атырау қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-полицей Өтеуовтің ісін қарау басталды. Процессті судья Гүлмира ДӘУЛЕТОВА жүргізеді.

Асан ҚҰРБАНБАЕВМанарбек ӨТЕУОВ

Сотталушылар орындығына 23 жастағы полиция лейтененаты, Атырау қ. ҚІІБ бұрынғы қызметкері Манарбек ӨТЕУОВ пен оның 27 жастағы сыбайласы, Өзбекстан азаматы Асан ҚҰРБАНБАЕВ жайғасқан.

Өтеуов Р ҚК-нің 99-бабының 2-тармағында ("Адам өлтіру"), 125-баптың 2-тармағында (Адам ұрлау), 188-баптың 3-тармағы ("Ұрлық"), 191-баптың 2-тармағында («Тонау»), 361-баптың 2-тармағында («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану»), 362-бабында («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану»), 380-бабында («Билік өкiлiне қатысты күш қолдану»), 385-бабында («Жалған құжаттарды, қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу») қарастырылған қылмыстарды жасады деп айыпталуда. Ал Құрбанбаевқа ұрлық пен тонау қылмыстарын жасады деп айып тағылды.

Айыптаудың басты тармағы өткен жылдың тамызында кәсіпкер Дмитрий КИМНІҢ өлтірілуі болып отыр. Іс материалдарына сүйенсек, Кимнің жұмыстан оралғанда қай жермен өтетін білетін Өтеуов оны торуылдап тұрып, куәлігін көрсетіп, көлігіне отырғызып, қолына қолкісен салады. Содан соң Кимді Махамбет ауданының Алға селосының маңындағы далалыққа апарып, бірнеше жерден пышақ жарақатын салып, өлтіріп, сол жерге, далаға көміп кетеді.

Ішіне ақша салынған марқұмның барсеткасы мен Сәтпаев даңғылы бойындағы пәтердің кілтін қолына түсірген Өтеуов кәсіпкердің отбасының басқа жаққа сапарлатып кеткенін біліп, Құрбанбаевпен бірге пәтерге келіп, ол жерден ірі мөлшердегі ақша мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен.

Бұдан басқа, Өтеуов Құрбанбаевпен бірге кешкі уақытта көшеде әйелдерді бірнеше рет тонау қылмысын жасады деп айыпталып отыр. Ықтимал құрбандықты көрген Өтеуов Құрбанбаевты көлігінен түсіріп, оны көрші көшеде «олжасымен» күтіп тұрған. Тек №1 мектеп-интернатттың мұғалімі Ұлмекен Аманжоловаға қатысты қателеседі. Ұлмекен Құрбанбаев сөмкесін тартып алмақ болып итергенде құлап қалады, бірақ сөмкесін бермейді. Құрбанбаевтың әйелге әлі келмей, оны келесі сәтте өтіп бара жатқан жүргінші қолын қайырып, полицияға тапсырады. Тонаушыны Өтеуовтің өзі алып кетпегендіктен, мұғалім мен оны құтқарған жүргіншінің жолы болады. Осы сәттен бастап басқа қылмыстардың ұшы шыға бастайды...

Тергеу изоляторында қамауда болған Өтеуов қарауылшыға дене жарақатын салады. Оған ҚІІБ қызметкерінің куәлігін қолдан жасау фактісі де тағылып отыр.

Сотта Өтеуовтің адвокаты Балжан ҚҰСПАНОВА өз қорғалушысын айыптау Құрбанбаевтың жауаптарына ғана негізделіп отырғанын мәлімдеп, оларды қылмыстық істен алып тастауды сұрады. Судья қабыл алмады. Екіншіден, адвокат сотта Дмитрий Кимнің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізген ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінен, Атырау қалалық ІІБ басшыларынан, ІІД тергеушілері мен криминалистерден жауап алу жөнінде өтініш жасады.

Өтеуов өз сөзінде кінәсін мойындағанын атап өтіп, адвокатының өтінішін қанағаттандыруды сұрады. Өз кезегінде Кимнің отбасы келесі сот отырысын кейінге қалдыру туралы өтінішпен шықты. Судья Өтеуовтің адвокатының өтінішін 4 сәуірде өтетін келесі сот отырысына аталмыш куәгерлерді шақыру тұрғысында қанағаттандыратынын мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, Манарбек Өтеуов тергеу изоляторында жазған және ғаламторда жарияланған хатында Атырау қалалық ІІБ басшылығын ауыр қылмыстармен айыптаған еді («ІІД атыраулық экс-полицейдің ашық-хатына байланысты түсініктеме берді», «Атыраудың ІІБ: Экс-полицейдің хатында жазылғанның бәрі өтірік»).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

28 наурыз 2016, 19:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.