Атырау, 19 сәуір 06:41
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ХХІ ғасыр көшбасшысы

6 464 просмотра

Қазақ-түрік лицейінің тағы бір оқушысы жуырда «Хабар» агенттігінің «ХХІ ғасыр көшбасшысы» оқушылар арасындағы зияткерлік сайыс бағдарламасының маусымдық ойынында жеңімпаз атанды.

Ол  – 11-сынып оқушысы Абай Нәжімов. Маусымдық ойында озық шыққан оқушыға диплом және 100 мың теңге көлеміндегі жүлде тағайындалған. Абайдың бұл алғашқы жеңісі емес. Ол 2009 жылы да «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанған болатын. Ол кезде бас жүлдеге 300 мың теңгемен қоса, Малайзияға бір айлық жолдама берілді. Бұл жолғы жылдық ойынға 600 мың теңге көлеміндегі жүлдемен бірге университетке түсу үшін грант беріледі деп күтіліп отыр. Ал жылдық ойын келер жылдың мамыр айында өтпек. 

«Алтын белгіге» үміткер Абай болашақта  анасы секілді заңгер болғысы келеді. Біз оған тек қана сәттілік тілейміз!

Айнұр САПАРОВА

1 желтоқсан 2011, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.