Атырау, 23 қараша 17:05
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Шырша» операциясы

5 476 просмотра

Бірнеше жыл қатарынан бері Атырау қаласында  қаланы жаңа жылға қарсы безендіру дәстүрі  жалғасып келеді. 

Қаланың басты деген алаңдарына әсем безендірілген шыршалар орналастырылады, даңғылдар мен көшелерде мерекелік иллюминациялар, жол жиектерінде неонды қар ұлпалары мен ертегі кейіпкерлерінің пішіндері  сәуледей жанып жарқырайды.

«Мерекелік декорациялардың дизайны ауысып отырады. Егер өткен жылы гүлдер, қар ұлпалары, қарша қыздың пішіндері болса, биылғы жылы бағандарда шыршалардың кескіні мен қар өрнектері орын алмақ, - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілі Нұрберген МАҚЫМ. – Жаңа жылдың еш өзгермейтін белгісі, әрине, ол шырша. Қала бойынша олардың саны 20 болады және ең үлкен де әсем безендірілгендері қазір Исатай-Махамбет алаңында, «Ақ Жайық» қонақ үйінің алдына, Привокзальныйдағы Арбатқа орнатылып жатыр». Жаңа жылға дайындықтан кәсіпкерлер де сырт қалып жатқан жоқ. Олар да өз мүмкіндіктеріне қарай өз ғимараттарының сыртын жаңа жылдық айшықтармен безендіруде. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

1 желтоқсан 2011, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.