Атырау, 11 желтоқсан 18:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Иесіз жатқан трансформаторлардың саны белгісіз

6 837 просмотра

Алмагүл ықшам ауданының артындағы Ет комбинаты учаскесінде трансформатор жанып кетті. Бұл учаскеде тұрған трансформатор «Атырау Жарық» АҚ-на тиесілі ме? Егер оған қатысы жоқ болса, онда иесіз болып есептеле ме?

Телефон арқылы

«Атырау-Жарық» АҚ-ның  бірінші вице-президенті Сүндет КЕНЖАЛИЕВ:

- Ет комбинаты ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді электр энергиясымен жабдықтау - №705/1, №705/2 10/0,4 кВ кернеудегі қалалық кешенді қосалқы трансформаторлық стансалары арқылы жүзеге асады.

№705/1, №705/2 10/0,4кВ кернеудегі кешенді қосалқы трансформаторлар қалалық әкімияттың  балансында және қалалық, аудандық электр жүйелерімен техникалық жөндеу жұмыстарына шартқа отырмаған. Осы жағдайларға байланысты, аталған 10/0,4кВ кернеудегі қосалқы трансформаторларға қызмет көрсету және пайдалану жұмыстары «Атырау-Жарық» АҚ-ның құзырына жатпайды.

Қазіргі таңда, жалпы саны 405 дана 10/0,4кВ, 6/0,4кв кернеудегі кешенді қосалқы трансформаторлар мен тарату қосалқы трансформаторлар бар. Өзімізге қарасты электр жүйелеріне көп жылғы бекітіліп, жасақталған жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Иесіз жатқан трансформаторлардың саны туралы нақты мәлімет жоқ. Оларды жөндеу жұмыстары қалалық әкімияттың құзырында екенінен хабардар етеміз.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

1 желтоқсан 2011, 18:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.