4 желтоқсанда Ресей Федерациясында Мемлекеттік дума депутаттарының сайлауы болады. Оған өз Отандарынан алыста жүрген РФ азаматтары да қатыса алады.
Қазақстанда жергілікті биліктің келісімімен ресейліктер үшін сайлау учаскелері құрылды. Орал қаласында орналасқан Ресей елшілігінен хабарлағандай, Батыс Қазақстан аумағы бойынша сайлау учаскелері барлық төрт облыстың орталықтарында - Атырау, Орал, Ақтөбе және Ақтау қалаларында ұйымдастырылған.
Атырауда Мемлекеттік дума депутаттарының үміткерлері үшін 4 желтоқсанда сағат 8-ден 20-ға дейін Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында (Тұрғын үй қалашығы) орналасқан сайлау учаскесінен дауыс беруге болады. Байланыс телефоны: 45-36-72.
Тамара СУХОМЛИНОВА