Атырау қаласының тұрғындары өткен сәрсенбі күні аспаннан түсініксіз бір дененің қала маңына құлағанын айтып шуласып жүр.
Көзбен көргендердің бәрі де оның Каспий теңізі тұсынан көтерілгенін айтады. Аспаннан төменге құлдилап келе жатқан дене бір мезетте Еркінқала селолық округі үстінде жан-жаққа шашырап, жоқ болып кеткен. Ал сәл уақыттан кейін қатты дыбыс естіліпті. Біреулер құпиясы беймәлім дененің пішінін бетон іспеттес ракетаға ұқсатады.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз хатшысы Самал ӘБІРОВА бұл жаңалықты естігенде қатты таң қалып, ештеңе білмейтінін айтты. Тіпті нақтылап алу үшін түскен мәліметтеріне де шолу жасап шықты.
Көрдік дегендер «метеорит болуы мүмкін» деп топшалап жүр. Бірақ оған дәлел жоқ.
Айнұр САПАРОВА