Атырау, 27 қараша 15:29
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Таксистің өліміне қатысты сот ісі басталды

2 790 просмотра

23 қарашада Атырау қалалық сотында таксистің өліміне қатысы бар деп айыпталған үш жігіттің соты басталды.

 

Естеріңізге салсақ, биылғы жазда өз автокөлігімен үйден шығып кеткен 24 жастағы таксиcт Сәттімұрат ЖОЛДЫҒАЛИЕВ қайта оралмастан, із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Кейін оның автокөлігі Авангард 4-ші ықшам ауданынан табылды. Ал иесінің денесі 16 шілдеде әуежайға апаратын тас жолдан 700 метр қашықтықтағы жерден табылған еді. Оның денесіне 42 рет пышақ салынғандығы анықталды.Марқұмның артында құрсақтағы сәбиі мен жары  және 4 жасар баласы қалды.

Сотталушыларға Қылмыстық Кодекстің 96-бабы (Ұйымдаса отырып қасақана кісі өлтіру),  175-бабы (Біреудің көлік құралдарын заңсыз иелену) және 185-баптары (Ұрлық жасау) бойынша айып тағылып отыр.

Айнұр САПАРОВА

1 желтоқсан 2011, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.