Атырау, 23 қараша 17:54
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әуежайдағы әбігер: оқу-жаттығу ойыны ма, әлде жалған дабыл ма?

2 651 просмотра

Жексенбі күні, 27 қарашада Атырау халықаралық әуежайынан жарылғыш құрылғысына ұқсайтын зат табылып, бұл Атырау-Амстердам рейсін 2 сағатқа кешіктірген. 

Осыған қатысты облыстың көлік прокуроры Болат ХАЛЫҚОВ былай деп хабарлады:

«Шынымен де, жексенбі күні таңертеңгі сағат 7-лерде ұшып келу залының дәретхана бөлмесінен сыммен оралған 6 электр батарейкасы табылған. Әуежай қызметкерлері нұсқаунамаға сәйкес әрекет етті. Шақырылған саперлер ешқандай қауіп жоқ екендігін анықтады».

Бейресми ақпарат көзі бойынша, қалада шұғыл әрекет ету оқу-жаттығу ойындары өтіп жатыр екен. Осындай жаттығу шарасы жақында облыстық прокуратура мен «Теңізшевройл» компаниясының ғимаратында өткен. 2 сағат бойына халықаралық әуе жолы рейсін кешіктірген әуежайдағы осы жағдай жаттығу дабылдарына жата ма, әлде әлдебіреудің ащы қалжыңы ма? Ресми тұлғалардың ешқайсысы нақты жауап берген жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 қараша 2011, 19:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.