Атырау, 5 қазан 12:27
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Халифат сарбаздары» лаңкестік ұйым деп танылды

3 274 просмотра

Атырау қалалық соты «Халифат сарбаздары» ұйымын лаңкестік деп танып, Қазақстан аумағында оның қызмет етуіне тыйым салды.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, бұл шешім 25 қарашада қабылданған.

- Облыстық прокуратураның ұсынысы бойынша Атырау қалалық соты «Халифат жауынгерлері» ұйымын лаңкестік деп танып, еліміздің аумағында оның қызметіне тыйым салды. Алайда шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Басқа ештеңе айта алмаймыз, - деп хабарлады Боранбай Ғалиев. Облыстық прокуратурада бұған қатысты түсініктемелер беруден бас тартты.

Естеріңізге салсақ, 31 қазанда Атырау қаласында облыстық әкімдік пен прокуратура ғимараттарының маңында бірінен соң бірі екі жарылыс орын алған болатын. Кейінірек абайсызда өзін-өзі жарып жіберіп, құрбан болған 23 жастағы Бауыржан Сұлтанғалиев екендігі хабарланды. Осы жарылыстар үшін жауапкершілікті «Халифат сарбаздары» ұйымы өз мойнына алған еді. Кейін бұл ұйым Тараздағы терактілерді қолдау мақсатында тағы бір мәлімдеме жасады. Сол кезде жаралыларды есептемегенде, 2 бейбіт азамат, 3 полицей, 2 ҰҚК қызметкері мен қару-жарақ дүкенін тонап, ҰҚКД ғимаратына гранатомет пен автоматтан оқ жаудырып үлгерген лаңкестің өзі қаза болған болатын.

Сәния ТОЙКЕН

30 қараша 2011, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.