Атырау, 14 қаңтар 13:33
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Іргеқабаттар пайдаға асырылады

1 798 рет қаралды

Қалалық әкімдік Нұрсая ықшамауданындағы үйлердің бос тұрған іргеқабаттарын бөліп берді.

Бірінші қатарда тұратын тұрғындарға өте қиын. Іргеқабат орынжайларының сынған терезелері кесірінен бұл пәтерлерде қашан да суық – жылыту радиаторлары мен электр жылытқыштар көмектеспейді Жылу тарифінің тағдырын ТМРАД шешеді» мақаласын қараңыз).

Міне, қалалық әкімдік осы бос тұрған орынжайларды пайдаланудың жолын тапты. Қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ хабарлағандай, №1, 2 үйлердің іргеқабат орынжайлары қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің балансына; №4,7 және 8 үйлер іргеқабаты балалар спорт клубтарын, би, музыка үйірмелерін ашу үшін қалалық білім бөліміне; №11, 13, 15, 16, 17 және 20 үйлер қалалық ТКШ бөліміне берілді. №19 және №23 үйлердің іргеқабат орынжайларына қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы мен жастар ресурстық орталығы көшеді.

№11 үйдің іргеқабаты жөнделгеннен кейін оған «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС (ТҮКҚ) орналасады, ал №13 үйдің іргеқабатын кәсіпкерлік нысандарына – аспаздық дүкен, дәріхана, сұлулық салоны және оқу орталығына – береді. Мемлекеттік мүліктерді жалға алу мерзімі үш жылға дейін, алайда кейін шартты ұзартуға болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 ақпан 2016, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.