Атырау, 3 мамыр 14:57
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Жылу тарифінің тағдырын ТМРАД шешеді

1 972 просмотра

Image 123 желтоқсанда Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында «Атырау қ. тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» (ТҮКҚК) ЖШС-нің жылумен қамту тарифін көтеру жөніндегі өтінімі бойынша жұртшылық тыңдауы өтті.

Естеріңізге салсақ, монополист өз өтінімінде жылытылатын алаңның бір шаршы метр үшін жылу тарифін 41-ден 155 теңгеге дейін, яғни, 3,7 есеге көтеруді ұсынған еді Вахтер тыңдаудың өтпейтінін айтты»).

ТҮКҚК директоры Зұлхаш НАУБЕКОВ баяндама жасады:

- ТҮКҚК Нұрсая ықшамауданындағы көппәтерлі 62 үйге, Жилгородоктағы Сауырғалиев (бұрынғы Заполярная) көшесінің бойындағы №21 үйге және Сарыөзектегі жалғыз көппәтерлі №1 үйге қызмет көрсетеді. Олар он қазандықпен жылытылады. Қазіргі уақытта қазандықтағы отыз жылу алмастырғыш шұғыл жөндеуді қажет етіп тұр. Бұдан басқа, 14 ыстық сумен қамту сорғысын, 10 су жұмсартқышты және құбыр суы үшін сонша резервуарларды ауыстыру қажет. ТҮКҚК 16,5 километр жылу жүйесіне қызмет көрсетеді. Оның төрттен үші шұғыл күрделі жөндеуді қажет етеді.

2013 жылдың маусымында ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті (ТМРАД) бізге жылытылатын алаңның бір шаршы метрі үшін 41 теңге мөлшеріндегі тарифті бекітті. Оның нақты шығындарға сәйкес келмеуі салдарынан ТҮКҚК-ге тигізілген зиян бүгінгі күні 25,7 млн теңгеге жетіп отыр.

Image 0ТМРАД жанындағы сараптама кеңесінің мүшесі Наурызғали ӘБІЛҚАЙЫРОВ әкімшілік персонал мен ЖШС жұмысшыларының жалақысы арасындағы едәуір айырмашылықты атап өтті:

- Осы жерде үлкен қиғаштық бар. Сіздерде жұмысшы персоналдардың көпшілігі жұмыстан кетіп қалды деп өзіңіз айтып отырсыз. Міне, себебі осы.

Іле-шала жиналғандарға тарифті көтеру қажет екендігіне мойынсұнуға, сонымен қатар биліктен Нұрсая мен қала орталығы арасына тұрақты автобустар қозғалысын талап етуге шақырған екі зейнеткер қатар сөйледі.

№13, 34, 54 үйлердің тұрғындары жылудың жоқтығына шағымданды.

ТҮКҚК ұстасы Кеңес ЖҰМАҒАЗИЕВ (суретте) жылудың бар екенін, оның бірқатар пәтерлердің тұрғындары жылу радиаторларына өздіктерімен қосымша секциялар жалғағандықтан жетпей жатқанын айтты. Бір пәтердің қатты ысуы екіншісіне жылудың жетпеуіне әкеп соғады.

Әбілқайыров ТҮКҚК өкілдерін «сылтау» іздемей, бүгінгі күннен бастап жылу ұрлаушыларды анықтауға кірісуге шақырды. Одан кейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ өкілі сөз сөйлеп, ТҮКҚК-нің жеткізілген газ үшін қарызы бүгінгі күні 7 млн теңгеден асып кеткенін айтты. Газ компаниясы жазда қазандыққа жылу жеткізуді әлденеше рет тоқтатқан, алайда тұрғындар ыстық сусыз қалып, қалалық әкімдікке шағым түсірген соң газбен қамтуды қайта қосуға тура келген.

Нұрсаядағы бүкіл үйлердің бірінші қабаты тұрғындарының атынан №54 үйде тұратын әйел биліктен иесіз тұрған цоколды орынжайларға назар аударуды өтінді: терезелер сынған, есіктері жоқ, осы себепті бірінші қабаттың пәтерлерінде үнемі суық болады. Наубеков ТҮКҚК-нің цоколды орынжайларды ретке келтіруге асықпаған меншік иелерінің үстінен сотқа талап арыз беру науқанын бастайтынын айтты.

Оның айтуынша, Нұрсаядағы цоколды орынжайлардың басым бөлігінің қожайындары бірнеше рет ауысқан екен.

ТМРАД-та Нұрсая ықшамауданындағы жылу тарифінің тағдырын таяу күндері шешуге уәде берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

24 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.