Атырау, 12 мамыр 17:55
 ашықВ Атырау +12
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Жасөспірімдерге кешірім берді

2 371 просмотра

Жылыой ауданының аумағындағы бірнеше теміржол құрамының тұрақты қозғалысын бұзған Пойызды тоқтатты») бір топ жасөспірімдер мен жастарға кешірім берілді.

ҚР ҚК-нің 350-бабы («Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру») бойынша қозғалған қылмыстық іс Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында медиация тәртібімен тоқтатылды.

2015 жылдың қарашасында Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылының тұрғындары У.Н., А.Б. және кәмелетке толмаған Ж.Д., Ж.М. рельске бетон сынықтарын тастаған. Тепловоздың жолымен қозғалған машинист кедергіні дер көзінде байқап, шұғыл тоқтатады.

Сол күні «Маңғыстау - Алматы» жолаушылар пойызы мен бірнеше жүк құрамдары да қозғалыстарын тоқтатуға мәжбүр болған. Күтпеген жерден вагондарды тоқтату салдарынан ҚТЖ Атырау бөлімшесі үшін тигізілген зиян 163 885 теңгені құрады.

Сот отырысында сотталушылар өз кінәларын толықтай мойындап, тигізілген зиянды өтегендерін айтып, қылмыстық істі тоқтатуды өтінді. Зардап шегуші тараптың өкілдері зиянның өтелгенін растап, Атырау КТЖ бөлімшесінің сотталушыларға талабы жоқ екенін мәлімдеді. Сот ҚР ҚК-нің 68-бабының («Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату») негізінде қылмыстық іс тоқтатылды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

3 ақпан 2016, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.