Атырау, 26 сәуір 11:07
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Пойызды тоқтатты

2 213 просмотра

Image 0Көрнекі сурет "АЖ" мұрағатынан алынды26 қараша күні Жылыой ауданы аумағындағы теміржолда мазут тиелген жүк вагондарын шұғыл тоқтату оқиғасы тіркелді.

- Құлсары-Мақат учаскесінің Шоқпартоғай разъезінің тұсында магистралдық теміржол желісіне бөгде заттардың қойылуы себепті және қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы орын алғандықтан машинист жүк пойызын шұғыл тоқтатуға мәжбүр болды, - дейді Атырау көлік прокуроры Берік ҚҰЛАМАҒАМБЕТ.

Қылмысқа қатысы бар деген Шоқпартоғай ауылының 17 мен 18 жастағы төрт тұрғыны ұсталды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 350-бабының 1-тармағына («Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру») сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Олар мұны бұзақылық ниетте жасағанын немесе басқа да себептермен жасағанын тергеу анықтайды. Аталмыш бап бойынша айыппұл салудан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу ретіндегі жаза қарастырылған.

Айнұр САПАРОВА

2 желтоқсан 2015, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.