Атырау, 24 қараша 00:18
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанға көшіп келгісі келетін қандастарымыздың саны азайып барады

2 417 просмотра

Бұл туралы «Қазақстан оралмандарының одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Артықбай Үкібаев хабарлады.

«Бұрын азаматтық алу процедурасы жеңіл болатын. Атамекенге оралған соң, азаматтық алуға өтініш жазасың, содан соң құжаттарды бересің, олар тексереді де алты ай ішінде азаматтық алатын едің. Ал қазір ескі жүйеге оралған. Ол үшін алдымен этникалық қазақ өзі тұрған елдің азаматтығынан шығуы керек Ол атамекеніне оралған кезде, елшілікке жолығуы тиіс. Елшіліктегілер одан түрлі анықтамаларды талап етеді... Мұның бәріне оның ақшасы жетпей қалады. Осылайша, көшу мәселесіне өзіміз кедергі келтіріп отырмыз», - деді Артықбай Үкібаев.

Қазақстан тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде бірлестіктің мәліметі бойынша, тарихи отанына миллионнан астам қандастарымыз оралған екен.

Олардың ішінде – 70-тен астам ғылым докторлары, 250 ғылым кандидаттары бар екен. Оралмандардың 40 мыңнан астамы - жоғарғы білімді, 93600 адам – арнаулы орта білімді, 230 мыңдайы - орта білімді. Қазақстанға тұрақты мекендеуге келген қандастарымыздың көпшілігі ауыл шаруашылығы қызметкерлері, олардың саны - 86 031 адам. Білім беру қызметкерлерін - 16 997, медиктерді - 9 407, мемлекеттік қызметкерлерді - 1 034, кәсіпкерлерді – 11 203, басқа мамандық өкілдерін – 221 670 адам құрайды.

2010 жылы Қазақстанға 40 мың оралман бауырларымыз оралған.

Tengrinews.kz

24 қараша 2011, 18:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.