Атырау, 23 қараша 16:25
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жыларман қылған жылу-ай!

3 418 просмотра

Жылыту маусымы басталғалы редакцияға үйлерінде жылуға қатысты проблемалар туындаған оқырмандардан түскен қоңырау толастаған жоқ.  Оларда жылу мүлдем жоқ,  не болмаса, барды-жоқты ғана. Ал, ыссы судың орнына қанжылым су жүріп тұр.  «SOS» дабылы қаланың барлық аудандарынан дерлік түсіп жатыр. Адамдар жылу берушілер мен ПИК арасында жылу мен судың нормативтерге сәйкес келмей отырғандығын дәлелдеу үшін тырысып бағуда. Ал, сол мардымсыз жеткізіліп тұрған коммуналдық қызмет тарифтері үнемі өсіп отырады емес пе?!

ПИНГ-ПОНГ ШЕБЕРЛЕРІ

Барлық шағым бір ғана мәселеге орай айтылуда:

– Жылу қосынына барсақ, ондағылар жылуды тиісті деңгейде беріп отырғандықтарын, одан да мәселені ПИК-де шешу керектігін  айтады. Ал, ондағылар үйлердегі жағдайдың дұрыс екендігіне сендіреді, жылу берушілердің алдап отырғандығын айтады. 

Авангард мөлтек ауданындағы №19 үй тұрғындарының айтуынша, таңертеңгілік оларға су аздап болса да жылу үшін алдын-ала 10 минуттай ағызып қоюға тура келеді екен. Ал, есептегіш болса, сол уақыттың бәрін есепке алып отыр ғой! Жылу мәселесі тіпті, қиын, батареялар болар-болмас қана жылы. Суықтан қатып өлмек үшін барлық жылыту құралдарын қосуға мәжбүр көрінеді.  

«Таң» ПИК төрайымы  Жамиға ЖАРЫЛҒАПОВА, тұрғындардың айтуынша, мәселені шешудің орынына басын қатырмауын сұрайды екен. Бізбен болған әңгіме кезінде ол үйде ешқандай проблеманың жоқ екендігін мәлімдеді. Бола қалған күнде де ол сөзсіз жылу берушілер кінәсінен көрінеді.

 4-ші мөлтек ауданының №7 үй  тұрғындарында ыссы судың орнына салқын су жүріп тұр.

Алмагүл мөлтек ауданындағы №17 үйдің тұрғыны Бекболат АМИРОВ ыссы судың баяу арынына және оның түнде мүлдем жоқ болып қалатындығына  шағымданды.

- Бізді егер термомодернизацияға қол қоймайтын болсақ, жылу бермейміз деп бопсалауда. Көпшілігі оған қол қоюға мәжбүр болды, бірақ жылу әлі күнге жоқ,- дейді Сәтбаев даңғылы бойындағы №50 үйдің және Махамбет көшесіндегі №118 г үйдің ашынған   тұрғындары.

Кейбір шағымдарды «Атырау жылу желілері» АҚ президенті Жанұзақ ӘБІЛҒАПАРОВТЫҢ өзі келтірді.

– Жанұзақ Әсетұлы, адамдар жылуды қашан алады?

-Жоғарыда аталған мекен-жайлар бойынша комиссия жұмыс жасап жатыр. Сәтбаев, 50 және Махамбет, 118 г үйлерінде термомодернизация аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және біз қалалық ПИК ассоциациясына, Мүліков мырзаға бірнеше хат жолдадық. Далада мамыражай маусым емес, біз бұл үйлерді жылуға толығымен қосуға дайынбыз, алайда, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі әлі де жайбасарлық танытып келеді. Осы кезең үшін жылу төлемдері алынбайтындығын тұрғындардың есіне салғым келеді, өйткені, олар жылуға қосылған үйлер тізімінде жоқ. Алмагүл мөлтек ауданында біздің реттеу бригадамыз жұмыс жасап жатыр. Олар үй-үйді аралап шығады. 4-ші мөлтек ауданның №7 және №19 үйлеріндегі орын алған проблемаларға келетін болсақ, ондағы мәселе жылу желісінің айналуында болып тұр.

- Үйдің жылу нормаларына сәйкестігін тексеруді тұрғындар қалай ұйымдастыра алады?

– Алдымен көршіңіздегі жағдайды біліп алу керек. Жалпы стояк бойынша проблема жоқ па соны анықтап алыңыз. Егер көршіңізде де сондай проблема болса, онда өтінішпен біздің қызметке 32-38-30 телефон-факс  арқылы хабарласасыз немесе 32-22-58 телефоны бойынша диспетчерге қоңырау шаласыз. Біздің қызметкерлеріміз бұл орын алған проблемалардың біздің кінәмізден болғандығын анықтаса, біз барлық кемшіліктерді жоятын боламыз. Естеріңізге сала кетейін, біз жылу мен ыстық суды үйдің сыртқы қабырғаларына дейін жеткізуге ғана жауап береміз, ішкі желілерге ПИК жауап береді.

-Егер адамдардың жылуды сіздің кінәңізден ала алмағандығы анықталса, онда қайта есептеу жүргізіле ме?

–Әрине.

–Ал, егер ПИК кінәсінен болса ше?

– (Бөгеліп барып) менің ойымша, қайта есептеу жөніндегі сауалды тұтынушы қызметті жеткізуге келісімге отырған «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-на берген орынды секілді. Ал, ПИК бұл жағдайда қысқа мерзімде кемшілікті жоюға ғана міндетті. 

–Біздің оқырмандарымызды жылу батареясы мен ыссы суда қандай температура болу керектігі қызықтырады. Үй жағдайында температураны қалай дұрыс өлшеуге болады? Су температурасы мен ауаны өлшеу үшін кәдімгі термометрлер бара ма? 

–Берілетін жылу градусын  біз сыртқы ауаның температурасына байланысты реттейміз. Мәселен, осы күндері (әңгіме өткен аптада болған еді) өте қатты салқын емес күндері жылу қосынынан жылу 58 градуспен  «шығады». Бұл тіпті, нормадан да жоғары. Біз жылуды тасымалдану кезеңінде жоғалтатындығын ескереміз және оған үй ішілік желілердің жағдайы, ескі үйлердегі жылудың жоқтығы, су толған жертөлелер де әсер етеді.

Суды біз тіпті, жазғы уақытта да 60 градусқа дейін қыздырамыз. Ол пәтерге жеткенше 50 градусқа дейін салқындайды. Су температурасын кәдімгі термометрдің көмегімен өлшеуге болады, ал, жылуды өлшеу үшін арнаулы қондырғы – тепловизорлар керек.  Шағым түскен жағдайда біздің мамандарымыз келіп, тегін өлшеп бере алады.

 

ЖЫЛУ БЕРУШІЛЕРДІҢ ЖАУАБЫ

Осы әңгімеден кейін екі күн өткен соң редакцияға біздің жазбаша жолдаған сауалымызға «Атырау жылу желілері» АҚ-нан жауап келді. Біз көрсетуді сұраған жылу және ыстық су бойынша нормативтер ақыры жоқ болып шықты. Үйлердің тексерілу қорытындыларын қысқаша келтіре кетеміз: 

1. Авангард-4 мөлтек ауданындағы 19 және Алмагүл-2 мөлтек ауданындағы  №17 үйлердегі келтірілген фактілердің жылу энергиясы бойынша берілген қызметке сәйкес келмейтіндігі расталмады. Тұрғын үйлердегі пәтерлердің температурасы санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келеді. Су алу шүмектеріндегі ыстық судың температурасы шарт талаптарымен сәйкеседі.  

2. Термомодернизация бағдарламасы бойынша ТКШ бөлімімен бірлесе «КС Бытсервис» ЖШС, «Әли» ЖК күштерімен жертөлелердегі күрделі жөндеу жүргізілген Сәтбаев, 50 мекен-жайындағы тұрғын үйге жылу 9 қарашада, ал, Махамбет көшесіндегі 118 г үйге 14 қарашада берілді.

3. Авангард-4 мөлтек ауданындағы №7 үйде ыстық сумен қамтамасыз ету, су берілетін және  кері жүретін тұрба құбырлары (120 м) ауыстырылды, айналым желілерін қайта қалпына келтіру бойынша реттеу жұмыстары жүргізілді. Ыстық сумен жабдықтау проблемаларының бірі ыстық су құбырларының бітеліп қалуы. Осы үйлерге қызмет көрсетуші «КС Бытсервис» ЖШС-не үй ішіндегі олқылықтарды жою жөнінде ұйғарым берілді.

 

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ШАҒЫМЫ

Авангард-4 мөлтек ауданындағы №19 үйдің тұрғыны Ирина өз үйіне қатысты комиссияның шығарған қорытындысын көріп таңданып қалды:

– Тепловизормен өлшеу кезінде пәтерде 20-21 градусты көрсетті. Неге екені белгісіз актіде 21-22 градус деп жазылған. Қыста менің бір бөлмемде температура 17 градусқа дейін төмендейді. Ал, комиссия келер алдында радиаторларымыз бұрынғыға қарағанда ыссылау болды, оны мен де, көршім де байқап қалдық. Ыссы су бойынша 4-5 градусқа дейін толық жылытылмағандығы анықталды. Бұл да актте көрсетілді. Бұлардың себебін түсіндіруді сұраған маған комиссия мүшелерінің бірі нақты жауап айта алмады.

Алмагүл мөлтек ауданындағы  №17 үйдің тұрғыны Бекболат Амиров:

–Комиссия келген күні бір ғажабы шүмектен аққан судың қысымы қатты болды. Бірнеше көршіміз қуанғаннан актке қол да қойды. Кейбіреулері оның бір қулық екенін білгендей қолдарын қоюдан бас тартты. Және олардың бұл ісі бекер болмады, кешке қарай су тіпті, жүрмей қалды. Біз тағы да ПИК-ке шағымдандық, келесі күні неге екені белгісіз «Атырау Су арнасынан» комиссия келді. Тағы да ғажайып оқиға, ыстық су қатты қысыммен жүріп кеткен. Кешке тағы да баяғы әуеніне қайта түсті. Біздің ПИК-не барған кезекті сапарымызда олар бізге жылу берушілердің бұл проблеманы үш айдың ішінде шешіп беруге уәде етіп отырғандарын мәлімдеді. Сонда, қыстың ақырына дейін коммуналшылармен қуыспақ ойнауымыз керек пе?!

21 қарашада біз Авангард-4 мөлтек ауданындағы №7 үйге бардық. Тұрғындар жөндеу жұмысынан кейін су температурасының көтерілгендігін, алайда, әлі де нормаға сәйкес еместігін айтты.  Жылу мен ыссы судың үйге тартылған тұсы оқшауланбаған, қолмен ұстап қарағанда ыстық емес жылымшы ғана (суретте). 

 

ҚАЙТА ЕСЕПТЕУ ТЕК №7 ҮЙ ҮШІН ҒАНА

«Атырау жылу электр орталығы» АҚ президенті Махамбет ҚАЛИЕВ  біздің температура нормаларына қатысты жолдаған сауалдарымызға былай деп жауап берді:  «ҚР 4.02-05-2001, ҚР 4.01-41-2006 жылғы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес, тұрғын жайлардағы ауа температурасы 20 градус С құрауға тиісті. Су ағатын шүмектердегі ыстық судың температурасы -  50 градус С (белгілеген өзім – Л.С.). Жылу энергиясы қызметінің сапасына шағымданған жағдайда тұрғындар «Атырау жылу желілері» АҚ диспетчерлік қызметіне мына: 32-22-58 телефоны арқылы хабарласып немесе Говоров көшесі, 9 мекен-жайдағы «АЖЭО» АҚ жазбаша арыз-шағымдарын жолдай алады».

Ал,  «Атырау жылу электр орталығы»  АҚ тете-президенті  Алла КАНЦЕВА қайта есептеу тек Авангард мөлтек ауданындағы №7 үйдің тұрғындарымен ғана жүргізілетіндігін хабарлады.

-Қайта есептеу шарт талаптары бойынша біздің кәсіпорынға хабарласқан күннен бастап есептелетіндігіне қарамастан біз қайта есептеуді қараша айына толық жүргізетін боламыз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген  В. Истомин

24 қараша 2011, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.