Атырау, 5 қазан 14:29
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Зәулім үйлерді тонап жүрген топ құрықталды

2 088 просмотра

22 қарашада ІІД-де өткен  брифингте криминалдық полиция басқармасының бастығы Асан ШАЛХАРОВ зәулім-салтанатты коттедждерді тонауға маманданған қылмыскерлер тобының ұсталғандығы туралы хабарлады.

 

6 адамнан  құралған қылмыстық топтың 4 мүшесі жасы кәмелетке жетпегендер болып шықты. Олар 21 қараша күні таңертең қолға түсті. Бұл топтың шамамен 50-дей тонау қылмыстарына қатысы бар екендігі анықталып, ұрланған заттардың құны 60 миллион теңгеге бағаланды. Қалада қылмыстық топ 7 ай бойына әрекет еткен, зәулім жеке жайларды тонап, өздерімен бірге қымбат бұйымдарды, ақша және тері бұйымдарын  әкетіп отырған. Олардың барлығының да ауқатты отбасынан екендігі анықталды және  балаларының осылайша қолға түсуі олардың ата-аналары үшін күтпеген жайт болды.

Ұсталғандардың атаған мекен-жайлары бойынша жүргізілген тінту барысында тергеушілерге көптеген айғақтар табылды. Бұл алтын бұйымдар, ноутбуктер, ұялы телефондар. Бұдан басқа,  ТОЗ-8 винтовкасы, шолақ мылтық, зақым келтіретін «Оса» тапаншасы, Макаров тапаншасының 16 патроны тәркіленді.

Ұсталғандар өздерінің алғашқы бірнеше ұрлықтарынан кейін ұрлаған заттарын сатып, Ақтауда демалып, сәнді киім-кешектер алғандарын мойындаған. А.Шалхаров осы қылмыстық іс бойынша ұсталғандармен әлі де біраз әңгімелесулердің және тінтулердің болатындығын мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 қараша 2011, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.