Атырау, 27 сәуір 16:12
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Балық пен уылдырықты өртеді, әрі қарай не болады?

3 417 просмотра

Image 028 желтоқсанда «Вест Дала» компаниясының пешінде 2014 жыл ішінде браконьерлерден тәркіленген 2032 келі бекіре тұқымдас балық пен 25,8 келі қара уылдырық сақтау мерзімінің өтуіне байланысты өртелді Бекіре мен уылдырық өртелді» мақаласын қараңыз).

Негізінде бұл балық пен уылдырық халыққа сатылуы керек еді. Алайда әділет министрлігінде бағалар көпке дейін бекітілмей, енді бекітті дегенде тәркіленген заттардың сақтау мерзімі өтіп кетті.

Біз Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВКЕ хабарластық.

- Нариман Талғатұлы, бүгінде бекіре тұқымдас балық пен оның уылдырығын сату қандай заңнамалық актілермен реттеледі?

- ҚР-дің 09.07.14 күнгі «Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы» заңымен, сондай-ақ, 26.02.15 күнгі бекіре тұқымдас балықтар және олардың уылдырықтарын өткізу ережелерімен реттеледі және бұл іспен тек мемлекеттік монополия субъектісі ғана айналыса алады. Ал үкіметтің 28.12.13 күнгі қаулысына сәйкес, Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты (Көкарна) осындай субъекті болып табылады.

Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салынғанына біраз болғаны белгілі. Сондықтан зауыт тек құқық қорғау органдарының браконьерлерден тәркілеген балық пен уылдырықты өнімнің қауіпсіздігі туралы ветеринариялық қорытындысымен ғана өткізе алады. Бағалар жақында ғана бекітілді: мұздатылған балық – 1 555,8 теңге (1 келісі), салқын ысталған балық – 5 290,7 теңге, қортпа уылдырығы – 164 181 теңге, бекіре уылдырығы – 140 661,5 теңге, шоқыр уылдырығы – 56 695,9 теңге.

- Арнайы дүкен ашыла ма?

- Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің 21.12.2015 күнгі бұйрығымен бекітілген Атырау бекіре өсіру зауытын дамыту жоспарында бекіре тұқымдас балық пен оның уылдырығын сатуға арналған арнайы дүкен ашу қарастырылмаған, өйткені бұл тауарлар көлемінің аздығына байланысты бұл тиімді емес.

Браконьерлерден тәркіленген балық пен уылдырық алға қарай қалай сатылады? Осыны анықтау үшін «АЖ»-дың Атырау бекіре өсіру зауытының директоры Ғилыман САРСЕМАЛИЕВПЕН байланысқа шығу әрекеттері еш нәтиже бермеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қаңтар 2016, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.