Атырау, 9 мамыр 22:47
 ашықВ Атырау +7
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Бекіре мен уылдырық өртелді

3 630 просмотра

Image 0Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды 28 желтоқсанда «Вест Дала» компаниясының пешінде 2032 келі бекіре тұқымдас балық пен 25,8 келі қара уылдырық жойылды.

– «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес, алдын ала біздің зауыттың, қалалық ветеринария бөлімінің, тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының, табиғат қорғау прокуратурасының, ІІД және экология департаментінің қызметкерлерінен комиссия құрылды, - дейді «Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты» РМКК бас инженері Әділгерей ҚАЙРАЛАПОВ. Бұл балық өнімдері 2014 жыл бойына браконьерлерден тәркіленіп, сақтау мерзімінің өтуіне байланысты жойылды.

Біз ҚР балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВПЕН хабарласқан едік. Ол былай деп хабарлады:

– «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 11-1 бабына сәйкес, мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган (ауыл шаруашылығы министрлігі) белгілейді. Мемлекеттік монополия субъектілеріне (яғни, Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты) арналған бағалар таяу күндері ғана бекітілді, тиісті бұйрық шықты. Сондықтан бұдан бұрын браконьерлерден тәркіленген бекірелер мен уылдырықты зауыт өткізе алмайтын еді. Ал енді өткізе алады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
30 желтоқсан 2015, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.