Атырау, 22 желтоқсан 09:05
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Арақ ішіп, кісі өлтірді

2 174 просмотра

16 қарашада қалалық өндіріс базаларының бірінің аумағында кісі өлімі орын алды.

Қала прокурорының аға көмекшісі Жансая ИМАНҒАЗИЕВАНЫҢ айтуынша, түскі астан кейін жеке бір кәсіпорынның екі қызметкері арақ ішіп, жанжалдасып, ақыр соңында оның біреуі пышақтан көз жұмған. Күдікті ұсталып, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс көтерілді.

Қылмыс болған жерге келген қала прокуроры және жедел-тергеу тобы  кәсіпорын басшыларының тәртіпті көз қырына алғанында мұндай қайғылы оқиғаның орын алмайтындығын айтты.

«Қайтыс болған және ұсталған азаматтың екеуі де Индерден, бұл мекемеде монтаждаушы болып жұмыс жасаған»,-деп нақтылайды ІІД баспасөз қызметі.

Лев ГУЗИКОВ

23 қараша 2011, 20:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.