Атырау, 9 желтоқсан 21:21
 ашықВ Атырау -9
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Тараздық лаңкеске гранатаатқыш сатқан адамның аты-жөні анықталды

2 410 просмотра

АСТАНА. Қарашаның 23-і. BNews.kz – Тараздық лаңкеске гранатаатқыш сатқан адамның аты-жөні анықталды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

«(Тараздық) лаңкеске гранатаатқыш сатқан адамның аты-жөнін анықтадық. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Бәрі тексеріліп біткеннен кейін біз сіздерге хабарлаймыз. Қару Қазақстанда сатып алынбаған», - деді Н.Ораз.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қарашада Таразда джихад қозғалысының жақтаушысы бірқатар аса ауыр түрдегі қылмыстық әрекет жасады. Нәтижесінде ҰҚК екі қызметкері, үш полиция қызметкері мен екі азаматтық тұлға оның қолынан қаза болды. Қылмыскер жол полициясы жеке ботальонының қызметкерлері оны жаралап, қарусыздандыру кезінде өзін-өзі жарып жіберді. Қайғылы жайт барысында ерлік көрсеткендері үшін құқыққорғау органдарының 7 қызметкері мемлекеттік марапатқа ұсынылды, оның үшеуі – қаза болғаннан кейін.

bnews.kz

23 қараша 2011, 20:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.