Құлсарыда кішкентай қыз баланы зорлады деп күдіктелген адам ұсталды.
Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, 18 қарашада осы қылмысты жасады деп күдіктелген Құлсары қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол отбасын құрмаған, бұрын ұрлық үшін сотталған адам екен. Күдіктіні іздестіру кезінде сәбидің айтуымен жасалған фоторобот пайдаланылған.
Естеріңізге салайық, бұдан бұрынырақ 14 қарашада Жылыой ауданының АІІБ-не Құлсары тұрғыны кешкі сағат жетілерде түр-келбеті азиалық, белгісіз ер адам 3-сыныпта оқитын қызын зорлап кетті деген шағым түсірген болатын.
Лев ГУЗИКОВ