Атырау, 22 желтоқсан 09:18
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Игерілмеген жер мемлекет меншігіне өтеді

2 067 просмотра

Облыстық әкімдікте ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне алу мәселесі талқыға салынды.

Пайдаланылмаған немесе мақсаты бойынша пайдаланылмаған жерлерді қайтару бойынша мемлекет жариялаған науқан барысы туралы облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Рысқали СИСАТОВ хабарлады.

Оның айтуынша, облыстағы ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы алаңы 2147,2 мың га құрайды екен. Оның 928,1 мың гектарын 2 301 шаруа қожалығы, ал 120,7 мың гектарын 143 мемлекеттік немесе мемлекеттік емес аграрлық құрылымдар пайдаланып отыр. Жер учаскелерін тізімдеу барысында 221,5 мың гектар жерді жер пайдаланушылар мақсаты бойынша пайдаланбайтыны анықталған. Нәтижесінде олардың кейбірімен бір жақты тәртіппен келісім-шарттар бұзылған. Ал 452 жер пайдаланушы өз еріктерімен мемлекет меншігіне учаскелерді қайтарған.

Сисатов орташа алғанда республика бойынша келісім-шартты бұзу арқылы жерді қайтару көрсеткіші 15,4 пайыз құрағандығын атап өтті. Ал Атырау облысында бұл көрсеткіш анағұрлым жоғары және 88,9 пайызға тең.

Тағы 17 жер пайдаланушылардың жер учаскелері есепте иесіз деп жазылған. Бір жылдан кейін осы жерлер де, заң бойынша, мемлекет меншігіне өтеді. 195 жер пайдаланушы бойынша материалдар аймақаралық жер инспекциясына жіберілген.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

22 қараша 2011, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.