Атырау, 22 желтоқсан 08:53
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қытайда Қазақстанның екі азаматы ұсталып отыр

2 109 просмотра

Қытай елінің азаматы қазақстандық Бекболат Имашев пен Тоқжан Абдрахманованың құжаттарын тартып алып, оларға 143 мың доллар қарызы бар екендігі жөніндегі қолхат жаздыртқан.

Ұсталған ҚР азаматшасы Тоқжан Абдрахманова Tengrinews.kz тілшісіне Ян Пинь Синь есімді ҚХР азаматының ағасы екеуінің құжаттарын тартып алып, қарызды төлеу жөніндегі қолхат жазуға мәжбүрлеп, оларды Қытайдан жеті ай бойы шығармай отырғандығын хабарлады.

Оның айтуынша, ол және азамат Бекболат Имашев Тачен қаласының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы қонақ үйден шығарылмай отыр. «2010 жылы желтоқсанда Қытайда біздің жүк тиелген тасымалдау көлігіміз тоқтатылды. Мен полицияға арыз жаздым да, біз ағамыз екеуміз 25 сәуірде Қытайға мәселенің мән-жайын анықтауға бардық. Сол күні кешке мені ол жақта ұстап алып, барлық құжаттарымды тартып алды. Ал ағам кетіп қалды. Осыдан кейін маған көмекке Бекболат келгенде, оны да ұстап қалды», — дейді Абдрахманова.

Имашевтың айтуынша, бұл оқиға олар Қытайға алғаш рет 2008 жылы келгенде басталған. «Онда бізге қонақ үйге 10-15 адам бас салып кіріп келді де, қорқытып-үркіте отырып, оларға 143 мың доллар қарызымыз бар екендігі туралы қолхат жаздыртты. Тоқжанды жібере салып, мені тауға алып кетті де, сонда төрт ай бойы ұстады. Кейін жібере салды, мен кетіп қалдым. Енді бұл жағдайда да азамат Ян Пинь Синь біздің оған деген қарызымыз бардай, сол “КамАЗ” көлігімізді қолхат негізінде ұстап отыр», — дейді Имашев.

Оларды 5 мамырда азамат Ян Пинь Синь жаңа қолхат жаздыртып, сотқа берген. Сотта қазақстандықтарға қонақүйде қолхат негізінде ұстап отырғанын жария етілген. «Қытай соты біздің дәлелдерімізді мойындамай, ашық түрде өз азаматтарының жағында тұрғанын айтты», — деп әңгімелейді Имашев.

Қытайдағы Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімінің меңгеруші Қазбек Сәрсембеков қазақстандық азаматтарды ұстап отырған фактісін растады. «Біз бұл мәселені қарап жатырмыз. Қытай жағынан ресми жауап күтіп отырмыз. Қазір бірдеңе деп айту қиын, біз бұл жағдай қаншалықты шындыққа саяды және кімнің кінәлі екендігін анықтап жатырмыз», — деді Сәрсембеков.

Tengrinews.kz

22 қараша 2011, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.