Атырау, 10 желтоқсан 15:45
 бұлттыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Емханаларда төңкеріс жасалмақ

2 794 просмотра

Жаңа жылдан бастап облыстағы емханалар жаңа жұмыс сызбасына ауысуы тиіс. 16 қарашада облыстық әкімдікте өткенкеңесте Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ емхана жұмыстарын реформалауға ұсыныс жасады. Ол өзі ұсынған сызба енгізілгеннен кейін емханаларда медициналық қызмет сапасының артатындығына сендіріп отыр.

Мен бұл сызбадан еш жаңалық көрмедім.  Қаламыздағыжеке емханалардың осы принциппен жұмыс істегендеріне көп болды. Дегенмен, егер мемлекеттік медицинаның баяу қимылдайтындығымен ерекшеленетінін ескерсек, онда бұл сызба шынымен де мемлекеттік емханалар үшін төңкеріс болмақ.

Өтепқалиев қаладағы пациенттердің дәрігерлерге, соның ішінде белгілі бір сала мамандарына тұрған ұзын-сонар кезектің көптігіне наразы екендігін мәлімдеді. Пациенттердің көптігінен дәрігерлердің өздері де шаршайды екен. Ал емхана жұмыстарына жасалған талдау пациенттердің түрлі уақыт аралығында ғана көбейіп кететіндігін көрсеткен. Науқастар таңертеңгілік көбейіп, түстен кейін азаяды, ал кешке қарай бірер адам ғана келуі мүмкін көрінеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы пациенттерді жазылым бойынша қабылдауды ұсынып отыр. Алдымен телефон арқылы, содан кейін болашақта Интернет арқылы жазылуға болады. Емханалардағы әдеттегі тіркеу бөлімінің орнына дәрігер қабылдауына жазатын, жедел жәрдем қызметінен және үйден шақырту қоңырауларын қабылдайтын телефонмен жарақталған диспетчерлік қызмет құрғысы келеді. Мұндағы мақсат – қызметтер арасындағы жұмыстарды бөлу боп табылады.

Емханалар жұмысын реформалауға Өтепқалиев 66 млн теңге сұраған. Оның 14 млн теңгесін аудандық еманалар үшін 140 компьютер алуға, 45 миллионын аудандар үшін 13 бірлік автокөлік алуға жұмсамақ екен.

Ол сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға мемлекет бөліп отырған қаржыдан 5 дәрігерге 1 қызметкерден келетіндей тіркеу қызметкерлерінің қажетті мөлшердегі штатын жасауды ұсынды.

Өтепқалиев хабарлағандай, №1 және 2 емханаларда пилотты жобалар іске қосылыпты. Жыл аяғына дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыс басшылығына жұмыс нәтижелерін ұсынулары тиіс.

Айтпақшы, аудан емханалары үшін компьютерлерді сатып алу шығындарын азайтуға болады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Еркін ШПАНОВТЫҢ айтуынша, бүгінде «Болашақ» зауытын салып жатқан көптеген компаниялар өз жұмыстарын аяқтап жатыр. Олар компьютерлері мен кеңсе техникаларын мектептер мен медициналық мекемелерге өз еріктерімен және тегін беруге дайын екен. Күні бүгін 20 компьютер сыйға беріліпті.

Жаңа әдістермен танысу үшін, біз №1 емханаға келдік. Ол жерде тек пилотты жоба дайындалып жатқаны анықталды: алаңдар босатылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен. Реформаға сәйкес, кішкентай ғана терезесі бар ескі тіркеу бөлімінің орнына «reception» пайда болады. Бас дәрігер Еркінбай ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, жаңа жүйе бойынша емхана 10 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.

- Жазылым екі қала телефондары бойынша жүргізілетін болады. Егер бір нөмір бос болмаса, онда қоңырау сол кезде автоматты түрде бос екінші телефонға жолданады. Қоңырауларды 4 тіркеуші мен анықтама бюросының жұмысын атқаратын бір адам қабылдайды. Бұдан басқа, біз емхананың веб-сайтын іске қосамыз. Ал бүгінде емхана жұмысы туралы шағымдар немесе ұсыныстар болса, 27-05-47 сенім телефонына немесе erkingp1@mail.ru электронды мекен-жайына хабарласуға болады.  

Бас дәрігердің арқа тұсынан емхана дәлізінде болып жатқан бейнетрансляция көрсетіліп жатқан үлкен мониторды байқадым. Қуановтың айтуынша, бұл жаңалық емхананың тапқан өз қаржысына орнатылыпты.

- Емдеу мекемелерінің ішінде бейнебақылау әзірге тек бізде ғана. Ондағы мақсат – мекеме жұмысының тиімділігін көтеру. Егер мен тіркеу бөлімінің маңынан 10-нан астам адамның жиналып қалғанын көрсем, бірден сол жерге қоңырау шаламын немесе локалды жүйе арқылы хабарласамын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген В.Истомин

21 қараша 2011, 18:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.