Атырау, 22 желтоқсан 08:59
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Сіз Смағұлов пен Жұмағұловты білесіз бе? (жаңартылды)

2 260 просмотра

Атырау облыстық сотында жаңа төраға тағайындалмақ.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады. Жоғарғы сот төрағасы Бектас БЕКНАЗАРОВ облыстық соттың төрағасы қызметіне баламалы негізде екі үміткерді: Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұхтар СМАҒҰЛОВ пен Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жанындағы соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бауыржан ЖҰМАҒҰЛОВТЫ ұсынды.

Қазіргі кезде төраға міндетін Жақсылық АЛАНОВ атқарып жатыр. Оның басқа қызметке тағайындалуы жөнінде әзірге ешқандай ақпарат жоқ.

Жоғарғы соттың сайтында көрсетілгендей, «Жоғарыда аталған кандидаттарды іріктеудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында» оларға қатысты қандай да бір мәліметтерді, пікірлерді Жоғарғы Соттың www.supcourt.kz сайтына немесе 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 39 үй мекен-жайы бойынша жолдауға болады.

Сәния ТОЙКЕН

18 қараша 2011, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.