Қарашаның 17-сінде Жылыой ауданында тағы да жол-көлік оқиғасы орын алды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, қарашаның 17-с і күні сағат 13.45-те Құлсарыдан отыз километр қашықтықта Комсомол поселкесіне жақын маңда британдық «Саренс» компаниясына тиесілі «Ман» трейлері аударылған. Соның салдарынан 1963 жылы туылған жүргізуші апат орнында көз жұмды. Ал көлік ішіндегі 49 жастағы жолаушы аудандық ауруханада келесі күні қаза болған. Оқиға себебін жауап алу бөлімі анықтап жатыр.
Лев ГУЗИКОВ