Атырау, 27 қараша 13:51
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жайық бойындағы қарақшылар

2 503 просмотра

Полицейлер Жайық жағалауында кісі тонаумен айналысқан жасөспірімдер тобын ұстады.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Г.Мұхтарованың айтуынша, қала шетіндегі Тасқала, Дамбы және Атырау поселкелерінде тұратын 15-16 жастағы жеті жасөспірімге төрт қылмыс жасады деген айып тағылып отыр.

Полиция жорамалы бойынша, қарашаның 14-нде Жилгородокта олар тоғызыншы сынып оқушысын пышақпен қорқытып, күртесін тартып алған.

Келесі күні бұзақылар 19 жастағы жігітті тонап, ұялы телефонын алып қойған. Ал бір сағат өте 26 жастағы ер адамның сөмкесін, содан соң Әлиев көшесінің бойындағы көпір түбінде сегізінші сынып оқушысының күртесін, свитерін шешіп, портфелін тартып алыпты. Қылмыстардың бәрін жасөспірімдер тапа-тал түсте Жайық жағалауында жасаған.

Олардың бұл жорықтары ұзаққа бармады. Күзет бөлімінің полицейлері жасөспірімдердің барлығын соңғы қылмыс жасау кезінде қолма-қол айғақпен ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, қарақшылық және тонау баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Лев ГУЗИКОВ

17 қараша 2011, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.