Көші-қон полициясы ЖИН-і жоқ құжаттарды шұғыл ауыстыру қажеттілігі туралы еске салады.
ҚІІБ көші-қон полициясының бөлім бастығы Аманжол СӘРСЕНҒАЛИЕВТІҢайтуынша, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке идентификациялық нөмірі жоқ жеке бас куәлігі мен төлқұжат жарамсыз деп есептеледі.
«1995 жылдан бастап 1997 жылдың тамызына дейінгі мерзімде ЖИН-сіз шығарылған жеке бас куәліктері ғана жарамсыз боп табылады. Жеке бас куәлігінде 12 цифрдан тұратн ЖИН «туған күні, айы, жылы» деген бағанның астында көрсетіледі», - деп атап өтті ол.
Идентификациялық нөмір азаматтық хал актілерін тіркеу, жеке басын куәландыратын құжаттарды беру кезінде; жылжымайтын, жылжымалы мүліктерді, сондай-ақ, жылжымайтын мүлікке теңестірілген нысандарды мемлекеттік тіркеу кезінде; төлемдерді жүзеге асыру мен ақша аударымдарын, соның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік жарналарды аудару, сондай-ақ, салық міндеттемелерін орындау кезінде, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мекемелерде банктік есеп-шоттар ашу мен жүргізуде; рұқсат ету сипатындағы құжаттарды беруде; тіркеу сипатындағы құжаттарды беруде; әскери билетті, офицердің жеке бас куәлігін беруде; статистикалық есепке алу кезінде; сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда; сайлау кезінде сайлаушыларды тіркеуде және республикалық референдумдарға қатысу кезінде; орталық мемлекеттік органдар мен басқа мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерін жүргізуде; заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есепке тіркеу (қайта тіркеу) және Қазақстан Республикасының заң актілерімен бекітілген басқа жағдайлар кезінде қолданылады.
ЖИН болмаған жағдайда жоғарыда аталған операциялардың барлығын жүзеге асыру мүмкін болмайды. ЖИН-і бар жаңа құжаттарды алу үшін қайта рәсімдеу тегін жүргізіледі.